• 70372
  • 12
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Замана запыраны

Қып-қызыл қантөгіспен келген Кеңес өкіметінен біздің қазақтың көрмеген құқайы бар ма? Небір зорлық-зомбылықтың бәрін көрді, соған көнді. Әсіресе, Отызыншы жылдардағы ашаршылықты қалай ұмытамыз? Үш миллионнан астам бейкүнә қазақты жасанды жауыздықпен жою – ұлтымызға көрсетілген геноцид. Қой екеш қой да кеңірдегіне пышақ тигенде тұяқ серппей ме? Жанға бататыны – Тәуелсіздікке табаны күректей жиырма жылдан асса да, ашаршылық тұтас бір ұлтты жою жолында қасақана қолдан жасағанын айтып тұрып саяси бағасын бере алмауымыз. Ал бүгініміз ше?! Көзбен көрмеген соң, әттең, көңілге де түйе алмай жатқан жайымыз бар сияқты.
Зұлмат: Әке.
Өңі кетіп, құты қашқан бұл ауыл да аштықтың арандай ашылған азуынан құтыла алмады. Жиналған жұрт ит көнбістікпен жеткен жерлеріне қаз-қатар жалп-жалп құлай салды. Қайда асығады? Көгенде – қозы, желіде – құлын қалмады. «Ақыл – алтау, нәпсі – жетеу» деуші еді аталарымыз, сол жеті арсыздың бірі – тамақ. Екі аяқты жұмыр басты пендеге алдымен керегі – қарынның тоқтығы… Ал мына ашыққаннан ыңыршағы айналған ел қазір ит-мысық көрсе де бас салғалы отыр.
Ермек қарынның аштығы адамның тәнін ғана емес, жанын да, ақылын да аздыратынына енді көз жеткізгендей. Көрші ауылдарда адам жеп жатыр дегенді естіп, жағасын ұстады. Отбасында екі қызы мен жалғыз тұяғы-Әлімбет бар. Солардың қамын ойлап, оларға бір үзім нан тауып беру үшін қиналса да, қара су болсын беруге жанын салып жанталасып жүр. Бүгін де үйге өңі бозарып, қабағы қатулы келді. Әйелі болса үлкен ой үстінде отыр.
Бірнеше жыл бұрын ғана асып-тасып жатқан байлығы болмаса да, қарындары тоқ еді. Ештеңеден таршылық та көрген емес. Өзі үй шаруасымен айналысады, отағасы еңбек етіп, ақша табатын. Сол еңбектің қадірін білмеді ме екен, әлде өзі көрмегендіктен бе, тамақтың артық қалғанын лақтыратын да жататын. Енді міне нанның ұсақ түйіріне де зар болып отыр.
- Әттең, өмір-ай, – деп күрсініп қояды арасында.
Ал ауыл болса у-шу. Ашыққан адамда ұят болады ма?! Аузымызға бір түйір болса да дәм бұйырар деген үмітпен ауылдан өткен-кеткен адамға жәутеңдеп қарай береді. Ауылға біреу келсе, өлмелі пенделер сүйретіліп-сүрініп соған қарай жинала бастайды. Бар ойын, бар көңілін тамақ қана жаулаған. Осы сияқты оқиғалар бірнеше жылдың ішінде 3 миллион қазақтың өмірінде орын алып, көңіліне кірбің түсіріпті ғой…
Соғыс: Бала.
Ермек аштықтан, ауыр азаптан әбден қажыған күйі соңғы ақыреттік сапарға аттанып жатқанда артында қалған жалғыз жапырағы – Әлімбетті ғана ойлаған. Жастайынан қиындық көріп өскен ұлы сол кездері мектеп жасында еді. Алайда ашаршылықпен алысып, басқа жазылған тағдырмен жұлысып жүргенде алған білімі де шамалы. Отбасын құрды, жетілді, өсті, өнді. Алайда соғыс келіп, ол да артында ұрпақ қалдырып, сол күйі оралмады.
Тәуелсіздік таңы: немере.
Ермек өзі қиындық көріп, бейбіт күнге жете алмағанмен, немере, шөберелерінің көзімен бүгінгі тәтті таңды тамашалап жүргендей. Қиын қыстау кезеңдерді басынан өткерген қазақ бүгінде тұғырлы тәуелсіздіктің таңы төрімізде тұрақтай берсін деген ниетпен жүргені ақиқат. Алайда, қолда барда біз алтынның қадірін білеміз бе?!
Бір топ оқушылар түскі ас кезінде асханаға келіп жайғасты. Тамақтарын ішіп, қарындары тойғаннан болар, іштері пыса бастады. Үстел үстіндегі қалған тамақты бір-біріне лақтырып ойнап, доп қылды. Ішінде ашаршылықтан жан тапсырған Ермектің ұрпағы бар еді. Құлағымен естіп өссе де, көзбен көрмегендіктен көңілге түймеді ме екен, атасының қолы жетпеген, біреулердің өміріне арашашы бола алатын асты шашудан ляззат алып отыр. Егер дүниедегі барлық адамдардың босқа өткізген уақыты, қуаты және еңбегі есептелетін болса, дүниеде аштық және жоқшылық ішінде қиналып жатқан миллиондаған адамның мұқтаждығын кетіретін қажетті өнімдер өндіруге болар еді. Хадис шәрифтердем«Үнемдеген адам қиыншылық көрмейді.» (Табарани) делінген екен. Пайғамбарымыз да «Адамдардың ең жақсысы пайдасы адамдарға ең көп тиетіні.» деген. (Кудаи). Біз өмірімізді қаншалықты пайдалы өткізіп жатырмыз?! Тарих таразылап, бізге жеткізген тармақтарынан сабақ алып, түйін түйіп жүрміз бе?! Ойландыратын жайт…

4 февраля 2014, 16:01
1494

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 52008
  • 23
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
сегодня / 11:08
  • 6050
  • 23
А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

Свершилось! Сегодня в Кызылорде приступили к застройке левобережной части Сырдарьи. Через 10 лет на месте этого пустыря будет шумный и современный новый город, наш престижный деловой Левый берег!
socium_kzo
17 мая 2017 / 17:39
  • 5107
  • 8
Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Этот несомненно талантливый, яркий, достаточно харизматичный журналист приобрёл себе много поклонников в среде оппозиционно-либеральной интеллигенции. Теперь они вновь, стоя, аплодируют своему кумиру.
openqazaqstan
17 мая 2017 / 16:01
  • 4526
  • 57
Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Рианны не будет (как и ожидалось, в общем-то). Зато будут Мумий Тролль с Би-2, Эрос Рамазотти, 30 Seconds to Mars, и даже почему-то Limp Bizkit. А также фестивали J Azzia и "The Spirit of Tengri".
Clair-de-la-Lune
18 мая 2017 / 1:19
  • 3868
  • 9
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 3767
  • 31
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
вчера / 23:29
  • 3449
  • 32
Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Тут нет безвкусицы, нет осуждающих взглядов на меховые тапки под вечерним платьем. Тут все одеваются как дети. Нацепили и пошли. Тоже самое и о волосах.
miyatov
17 мая 2017 / 11:09
  • 3204
  • 8
Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Попрощавшись с уже полюбившейся мне маленькой раздолбанной квартиркой, где соседки слезно умоляли меня остаться, я погрузилась в общажный мрак. Но тогда я этого еще не знала.
AutumnRain
17 мая 2017 / 10:07
  • 3401
  • 63