• 69514
  • 12
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Бөтелкені» бауырына басқан ана

Күндегі үйреншікті жолыммен үйге қайтып бара жатып, сол баяғы таныс көрініске тағы да тап болдым. Көшеміздегі сегіз жасар қара көз қыз араққа тойып алған анасын үйіне сүйретіп әлек. Шамасы, өзі де үйреніп алған-ау деймін. Жылағанын да, ыстық аялы алақанымен сипамаған анасына дауыс көтергенін де естімеппін. Алайда жүзі суық, әрқашан жүрегіндегі бір мұңнан жапырақтағы таңғы шықтай тамшы болып төгілуге дайын мөлдіреген әдемі көздерін байқағаным бар. Анасы бұл жолға қызы итермелеп апарғандай, ішімдік тауып бер деп бүгін тағы көше бойында соққыға алды….

Міне, осы сияқты көріністер жолымызда жиі ұшырасып жатады. Алайда, көзіміз үйренгендіктен бе, әлде «өзіміз» деп қана өзегіміз өртеніп жүргеніктен бе, бұл да қалыпты құбылысқа айналды. Бірі көрмеген боп өте шықса, бірі аяныш білдіріп, іштей өз өміріне шүкіршілік етіп, тағы да кете барады. Заманымыздың қай кейіпке енгенін қайдам, әйтеу басқаның қайғысы түгіл, қуанышына шынайы ортақтасу да сиреп бара жатқандай болып көрінеді кейде.
Арақ деген аждаһа келіп, мойынсұнған адамның құндылықтарын сыртқа шығарып, өзі жүректі билеп алғаны ақиқат. Арақ ақыл айтса, алысқа апармас. Зиянын біле тұра, ішімдік өндірісін тоқтатуға да құлшыныс танытпаймыз. Неге? Себебі арақ өндірісі мен саудасы қаржыны көл қып төгіп, экономикамызды жақсартады деп күтеміз. Экономикалық заңдылық бойынша, сұраныстан туындап отырған арақ саудасы таптырмайтын табыс көзіне айналды емес пе?! Әрі оның да негізі бар екен. Арақтың ақыры таяу ма деп ақылға салып қарасақ, арақ-шарап саласы бюджетке орта есеппен жылына 20 миллиард теңге кіріс келтіреді екен. Оған «Қазалко» Қазақстан алкоголь өнімдерін шығарушылар қауымдастығының президенті Өміржан Қалиевтің берген мәліметі дәлел. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.?.с) былай дейді: «Алла тағала арақты, оны ішуші мен құйып берушіні, сатушы мен сатып алушыны, дайындаушы мен дайындатушыны, алып келуші мен алып келтірушіні және арақтан күн көрушіні лағынеттеді!». Осы сөздерді оқып, оқып қана қоймай, санамызға тоқып алғанымыз жөн-ау. Бәлкім сонда ғана арақтан түскен ақшаға мәз-мейрам болып, шартараптан түрлі шараптар алғызбас па едік?! ұлттық құндылықтарымызды, адамның бойындағы адалдық пен адамгершілікті басты назарға алар ма едік?! Кім білсін…
Арақ «ағамыз» біздің ұлттың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіреді дегенге ешкім сене қоймас. Әбу Ләйс Самарқанди р.а. былай дейді: «Арақ ішпе! Өйткені онда он жаман қасиет бар». Сол жаман қасиеттерді бойына сіңіретінін елеместен, бүгінгі күні еркектермен жарысып, нәзік жандылар да ішімдікпен серік бола бастады. Ананың ақ сүтінен тәрбие алатын бала ішімдіктің нәрі тамған дүниеден қайбір мардымды тәлім алсын?! Арақтың жанында адалдық пен адамдық жатпас болар. Сейіт Кенжахмет бір сөзінде «Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені, ұлың арақ ішсе – ырысыңның кеткені,» – деген екен. Ал Плутархтың «Маскүнемдер дүниеге маскүнемдерді әкеледі» деген пікіріне не дерсіз?! Әрі француз дәрігері Донесьенің 10 маскүнемдікке салынған отбасының 57 сәбиіне жүргізген зерттеуінің нәтижесі Плутархтың сөзін құптап тұрғандай: сәбилердің 25-і қызыл шақа кезінде шетінеп кетсе, 5 бала тырысқақ ауруымен ауырады екен. Тағы бесеуінде ауыр ми ісіктері кездесіп, 12 баланың он екі мүшесінде кемістік байқалатыны дәлелденген.

Құран кәрім мен Пайғамбарымыздың хадистерінде ішімдіктің зияны туралы өте көп айтылғаны белгілі. Тіпті, аңыз әңгімелер де жетіп артылады. express-k – ң берген мәліметіне сүйенсек, Қазақстан халқы кітап және баспа өнімдерін сатып алуға 90 миллион доллор жұмсаған екен, ал сыраға 240 миллион доллор ақшаларын әсте аямаған. Соңғы клиникалық зерттеу көрсеткендей, Қазақстанда халықтың 35 пайызы алкоголь тұтынады екен. Ал ішкіш 100 пайыз адамның 65-і ер адамдар да, 35-і нәзік жандылар болып шықты. Бұл, әрине, санда бары ғана. Ал санатта жоғы қаншама десеңізші.
Бүгінгі медицина ғылымының зерттеулеріне сүйенсек, ер адамның өзін-өзі тежей алмайтын маскүнемге айналуы 10-15 жылды қамтыса, әйелдер 3-5, кейде одан да аз уақытта маскүнем болып шыға келеді екен. Жаһандану дәуіріндегі жаңа ғасыр ұрпағына «өз ұлтыңның мәдениетін, әдебиетін, тарихын, ұлттық құндылықтарын білмейсің» деп кінә артып жүргенімізде, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін, тәрбиенің негізгі қайнар көзі болып отырған болашақ аналардың бір қолы шөлмекте, бір қолы бесікте болса, болашағымыздан не күткеніміз абзал?! Ойлантарлық мәселе…
Арақ – барлық жамандықтың кілті. Арақ ішкен адам кез-келген күнә іске бейім. Пайғамбарымыз с.а.с. «Ішкіліктен сақтаныңдар. Өйткені ол – барлық жамандықтың кілті»,-деген екен. Тарих беттерін парақтап, америка құрлығының жартысын 500 құмыра араққа айырбастап жіберген үнділіктерді мысалға алып көріңізші. Арақ ұлттық құндылығымызды құрдымға апарады дегенге тағы бір мәрте көз жеткізесіз. Кезінде Англияда арақ ішкендерді мойнына қамыт кигізіп, қаланың орталық көшелерімен жүргізген екен деседі. Ал біз болсақ, көшеде арақ ішуге тыйым салумен шектеліп сайран құрып жүрміз Біз ішіп алып кісі өлтірген жазықты адамды жазалаймыз, ал оның себепшісіне еш шара қолданбаймыз. Қоғамның басты алаңдатар зор мәселесі де осы болып отыр, әсіресе ұлт құндылығы мен ұлттық рухымызды жоғары ұстауға талпынған қазақ үшін қоғам тұрақтылығы осымен өлшенбек.
Нәзік жандылардың да ерніне шылым қыстырып, бауырына «бөтелке» басқаны үйреншікті көрініске айнала бастағаны ұлтымызды алаңдатпай қоймас болар. Мемлекеттің шаңырағын шайқалтатын басты қауіп те осы болып отыр меніңше. Ұлттық болмысымызды сақтап қалғымыз келсе, арақты елемей кеткеніміз зор қателік болар еді. Дер кезінде еленбеген дерт болашақта емін де таптырмайды емес пе?!
Шарль Бодлердің тілімен айтсақ, әйел – бақытқа жіберілген шақыру. Ұлтымызды, ұрпағымызды бақытқа жетелейтін жандардың ащы судың тұтқыны болғаны алаңдатпай қоймас. Ұлт болашағын ойлап, ұрпақтың бүгінін жақсартамыз десек, халықтың бүгінгі жауына тойтарыс беруге талпынсақ қалай?!

Әне, тағы бір дүңгіршектен майысып, теңселе бір жас ана шықты. Қарап тұрып жаның түршігеді. Баласы болса қорқыныштан адасқан ботадай болып тығылып отыр. Өз анасынан қорыққан бала ұлтын қалай сүйе алмақ?! Ыстық ықылас, жылы сөздің орнына арақтың иісін сезіп өскен ұрпақтың болашағы не болмақ??? Келешек өміріне жол нұсқайтын ақылшы емес, ішімдікке үйір анасын көріп өскен бұл баланы ертең не күтеді??? Санада самсыраған сан сауал бір шешімін тапса игі…

4 февраля 2014, 15:59
628

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 21827
  • 5
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 4324
  • 20
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 16:14
  • 2995
  • 33
Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Мне часто доставались мужчины, поломанные браком. Таких почти сразу видно – у них маска состоявшегося мужчины по швам трещит. И каждый из них реагирует по-своему. Поясню на паре примеров.
Jamiklisa
28 апр. 2017 / 14:21
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2679
  • 2
Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент Назарбаев призвал крупных бизнесменов делиться с народом, следуя примеру своих коллег из развитых стран. В Казахстане, действительно, сегодня много богатых людей.
openqazaqstan
27 апр. 2017 / 14:09
  • 2526
  • 26
Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Чтобы вы знали, чем занимаются в сфере образования - педагоги являются основой массовок. Какое отношение к учителям со стороны государства, такого же уровня и качество образования.
SaukovV
26 апр. 2017 / 16:05
  • 2473
  • 16
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 2488
  • 5
Как стать караоке-шлюхой в Корее? Твои обязанности – развлекать гостя, вот и всё

Как стать караоке-шлюхой в Корее? Твои обязанности – развлекать гостя, вот и всё

Я думаю, многие видели различные объявления в интернете о наборе девушек в караоке-клубы в Южную Корею. Садитесь поудобнее, я вам сейчас расскажу что это за шняга.
savira6
28 апр. 2017 / 17:02
  • 2438
  • 20