Дэвис Кубогы: Роджер Федерер Қазақстанға қарсы ойнайды

Kazsport agent 2014 M02 4
142
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Әлемнің бірінші ракеткасы швейцариялық Роджер Федерер Дэвис Кубогының әлемдік тобының ширек финалында ерлер құрамасы қатарында Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтынын мәлімдеді...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Әлемнің бірінші ракеткасы швейцариялық Роджер Федерер Дэвис Кубогының әлемдік тобының ширек финалында ерлер құрамасы қатарында Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Vesti.kz.

«Мен команда құрамында боламын, достарым капитан Сэв (Северин Люти) және Стэнмен (Станислас Вавринка) бірге сәуір айында Қазақстанға қарсы ойнаймыз»,  — деп жазды Федерер өз твиттерінде.

Швейцария құрамасы Сербияны 3-2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын. Федерер бұл сынға қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Бельгия құрамасынан 3:2 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты. Сөйтіп қазақстандық теннисшілер 4 жылда үшінші рет жарыстың осындай деңгейіне шықты.

Қазақстан құрамасымен арадағы ширек финалдық ойын Швейцарияда сәуірдің 4 мен 6 аралығында өтеді.

 

Оцените пост

0
Дальше