Қызылордалықтардың шайбалы хоккей саңлақтары атануы ғажап емес

Kazsport agent 2014 M02 4
222
0
0
0

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Қызылордалықтар үшін шайбалы хоккеймен кәсіби түрде айналысуға осы уақытқа дейін мүмкіндік болмай келген еді. Енді, міне таяуда қаладағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде шайбалы...

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Қызылордалықтар үшін шайбалы хоккеймен кәсіби түрде айналысуға осы уақытқа дейін мүмкіндік болмай келген еді.

Енді, міне таяуда қаладағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде шайбалы хоккейден бөлімше ашылып, оған хоккейдің қыр-сырына қанық білікті бапкер Талғат Әкімжанов жетекшілік жасайтын болды.

Ол 2006-2008 жылдары Алматы қаласының «Достық», 2009-2011 жылдары Астана қаласының «Барыс», 2011-2013 жылдары Ақтау қаласының «Каспий» және «Мұнайшы»  хоккей клубтарында аға жаттықтырушы қызметтерін атқарған. Т. Әкімжанов шайбалы хоккейден ҚР спорт шебері. 1989 жылы жасөспірімдер арасында КСРО чемпионы, 1991 жылы жасөспірімдер арасында ТМД елдерінің чемпионы, 1992-1994 жылдарда Өскемен қаласының «Торпедо-2», 1999-2004 жылдарда Астана қаласының «Барыс» командасында ойнаған болатын.

Ол ересектер арасында Қазақстан чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері атанған. Алдағы уақытта «Барыс» хоккей командасы сапынан Сыр түлектерінің де табылуы әбден мүмкін.

 

Оцените пост

0
Дальше