место в рейтинге
  • 170898
  • 15
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ИЫҒЫНА ПОГОН ТАҚҚАН, үйінің отын маздатқан

Бүгінгі таңда ішкі істер органдарында нәзік жандардың алар орны ерекше. Қайраттылықты қанат етіп, ауыр да жауапты жұмыс атқарып жүрген қазақ қыздарына қарап, қайран қаласың. Ерлерге бергісіз еңбек етіп, әйел затының ақылына көркі сай екенін іспен дәлелдеп жүрген қарлығаштарымыздың қатары күн санап артуда. Міне, көңілге қуаныш ұялататыны да осы. Қандай жұмысқа болмасын білек сыбана кірісіп, абыроймен атқарып жүрген осындай ай қабақ аруларымыздың бірі – полиция полковнигі Сәуле Андағұлова.

Әке жолын жалғастырып, саналы өмірін осы салаға арнаған Сәуле Тыныштыққызы облыстық Ішкі істер департаментінде штаб басқармасының бастығы болып қызмет етеді. Ол бала кезінде әкесінің еңбегіне еліктеп, өскенде әскери адам болсам деп армандайды екен. Ақыры алдына қойған мақсатына қол жеткізіп, қазірде қатарының алды болып, жемісті еңбек етуде.

– Біз отбасында төрт баламыз. Екі ұл, екі қыз. Мен ата-анамның тұла бойы тұңғышымын. Әкеміз ішкі істер органдарында еңбек етті. Қазір зейнет демалысында. Ол мені тәртіпке, жауапкершілікке, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге, досқа адал болуға үйретті. Балалардың үлкені болған соң ба, әйтеуір, менің бойымда көздеген мақсатқа қол жеткізу, алға ұмтылу деген талпыныс табиғатымнан бар.

Ол балалық шағын есіне түсіріп, бір күліп алды да, қызық бір әңгімесін айтып берді: – Әлі есімде, күз айы болатын, туысымыздың менен бір жас үлкен баласы мектепке барды. Оны көріп, менің де сөмке ұстап, оқушы болғым келді. Содан соңынан қалмай, мектепке бірге бардым. Жасым жетіде деп айттым мұғалімге. Сөйтіп, түске дейін оқушылармен сабақ оқыдым. Біраздан соң мені іздеп анам келді мектепке. “Мұның жасы бестен ғана асты, ол әлі балабақшаға барады, ренжімеңіз, балаларға еліктеп, кетіп қойыпты...”, – деп мән-жайды түсіндіріп жатыр ұстазға. Ал маған: “Сен неге өтірік сөйлейсің, жасың жетіде емес қой, енді мұндайды қайталаушы болма!” – деді ол. Сондағы ұялғаным әлі күнге есімнен кетпейді. Сол оқиғадан кейін мен енді қайтып өтірік сөйлемеймін деп өзіме сөз бердім. Міне, мектепке бірінші барғаным маған осылайша өмір бойы сабақ болды. Жалпы үйде де, түзде де өз басым сөзіме берік болып, адал жолмен жүргенді қалаймын. Бұл – менің өзіме де, өзгеге де қояр талабым, – дейді Сәуле Тыныштыққызы.

Қостанай облысында туып-өскенімен, Сәуле мектепті аяқтаған соң арманына ілесіп, өңірімізге келген. Сөйтіп, сәті түсіп, Ушинский атындағы институттың студенті атаныпты. Жоғары оқу орнында оқып жүріп, болашақ жұбайымен танысады. Ақыры екі жастың дәм-тұздары жарасып, отау көтереді.

– Серік екеуіміздің шаңырақ көтергенімізге он жеті жыл болды. Қазір ортамызда Мейірболат есімді ұл бала өсіп келеді. Түсіне білген адамға біздің жұмыс жеңіл емес. Жүктелген міндет нардың жүгіндей. Осы саланың барлық жұмысын қадағалаймыз, бақылаймыз, жоспарлаймыз. Қызметкерлердің жақсы жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Бір сөзбен айтқанда, өз ісімізді абыроймен атқаруға күш-жігерімізді аямаймыз. Ерте келіп, кеш қарайғанда үйге ораламыз. Мұның барлығы жұмысқа деген ерекше көзқарастан бастау алады. Қиындық бар, онсыз болмайды ғой. Жұмыс пен отбасы тізгінін қатар ұстап жүріп, екі жоғары оқу орнын тамамдадым.

Осы жылдар ішінде ішкі істер саласының бірнеше баспалдағымен жоғары көтеріліп, антыма адал еңбек етіп келемін. Еңбегім де елеусіз қалған емес. Бүгінгі таңда осындай қызметте республика бойынша үш әйел адам жұмыс істеп отыр. Осы үштіктің ішіне мен де кіремін. Мен үшін бұл мәртебе ғана емес, өте үлкен жауапкершілік екенін іштей түсінемін және оған сай болуға қолымнан келгенше тырысамын. Мен өзім Хайдар Кашенов, Ерсайын Сарқұлов, Абай Галиев сияқты ақылы мол ағаларды өнеге тұтамын, – дейді ол.

Еңбек жолын кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер инспекторы болып бастаған Сәуле Тыныштыққызы қазіргі таңда облыстық Ішкі істер департаментінде штаб басқармасының бастығы болып қызмет етеді. Жиырма екі жыл бойы осы салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан ол Отанына, отбасысына, аналық міндетіне адал. Айналасының ажарына айналған Сәуле Тыныштыққызы өткен жылдан бері әйелдер кеңесінің төрайымы болып жұмыс істеуде. Аталмыш ұйымға осы саладағы барлық қыз-келіншектер мүшелік етеді. Ал активте он екі әйел бар. Олардың негізгі міндеті – көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға және асырауында баласы бар мүгедек аналарға көмектесу. Бүгінгі таңда олар 13 отбасыдағы 42 балаға қолдарынан келгенше көмектесіп жүр. Сондай-ақ әйелдер кеңесі бірге қызмет ететін қыз-келіншектердің де бірқатар мәселелерін шешуге атсалысады. Осындай игі шаралардың басықасында жүрген де, оның жүзеге асуына білекті сыбана кірісетін де – Сәуле Тыныштыққызы. Негізгі міндетімен қоса қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген нәзік жанның мұндай қадамы оның жүрегінің жомарт екендігін көрсетіп тұрған жоқ па?!

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

источник: www.soltustikkaz.kz/

dvd_sko
3 февраля 2014, 18:55
349

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38082
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2679
  • 64
Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

КТК: "У жителя Алматы украли… 3 миллиона долларов! В деле, которое расследует сейчас местная полиция, удивляет всё – и внушительная сумма, и фамилия пострадавшего..."
SamJamKZ
10 авг. 2017 / 11:43
  • 2417
  • 43
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1986
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2261
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1213
  • 0
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1212
  • 6