Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:43, 03 февраля 2014

«Астана Опера» театрының алғашқы гастролі Алматыда өтеді

2014 жылдың 4 және 10 ақпан аралығында «Астана Опера» театрының гастролі өтеді. Алматылық көрермен астаналық театрдың үздік қойылымдарын Абай атын. МАОБТ сахнасында жеті күн тамашалай алады.

Гастрольдік бағдарламаның бірінші күні – төртінші ақпанда Ресейдің халық әртісі Юрий Александровтың қойылымындағы қазақ операсының маржаны - «Бiржан-Сара» ұсынылады. Көрнекті композитор Сергей Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі жас көрерменді бесінші ақпанда сағат 12:00-де қуантады. Осы күні кешкі 19:00-де «Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрі концерт береді.  Алтыншы ақпанда көпшілік назарына Гала-концерт ұсынылмақшы. Хор өнерін сүйер қауым ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов жетекшілік ететін «Астана Опера» камералық хорының концертін жетінші ақпанда тамашалай алады. Тоғызыншы ақпанда камералық залда Камералық музыкадан концерт өтеді.

«Астана Опера» театрының балеттік труппасы балет сүйер қауым үшін әлемдік хореографияның маржандары: француздың қоюшы хореографы Шарль Жюдтің қойылымындағы «Ромео мен Джульетта» балетін 8 ақпанда алып барады. «Астан Опера» театры гастролінің афишасындағы спектакльдер тізімін көрермен назарына ағымдағы жылдың оныншы ақпанында ұсынылатын, Ресейдің халық әртісі Борис Эйфманның қойылымындағы «Роден» балеті түйіндейді.

Гастрольдің басталуына бір айдан аз уақыт қалды, «Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов гастрольдік жоспардың бекітіліп, ендігі аталған қойылымдарға театр труппасы қызу дайындалып жатқанын атап өтті. «Біз үшін бұл сапар сынақпен тең, себебі алдында Қазақстанмен қатар шетелде өтетін үлкен гастрольдер тұрған «Астана Опера» театры үшін бұл алғашқы қадам», -  дейді Т. М. Мұхамеджанов.

0
272
0