Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:27, 02 февраля 2014

Геннадий Головкин Осуману Адаманы айқын басымдылықпен жеңді

Геннадий Головкин Осуману Адаманы айқын басымдылықпен жеңді

Миллиондаған қазақстандық жанкүйерлерді Геннадий Головкин тағы бір жеңісімен қуантты. Ол Монакода болған кезекті жекпе-жегінде Гана елінің былғары қолғап шебері Осуману Адаманы айқын басымдылықпен жеңіп, орта салмақта WBA нұсқасы бойынша оныншы рет және IBO нұсқасы бойынша жетінші рет әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Кездесудің алғашқы минутынан-ақ Геннадий Головкин қарсыласын үсті-үстіне соққының астына алды. Бірінші раундтың соңғы секундтарында Осуману Адама шаршы алаңның төрінде есеңгіреп жатты.

Бұдан кейін де жерлесіміз қарсыласын үздіксіз соққының астына алды. Соның нәтижесі болар, ганалық боксшы тағы екі рет нокдаунға түсті. Ал жетінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Сонымен Геннадий Головкин кәсіби бокстағы кезекті кездесуін техникалық нокаутпен аяқтады.

Бұл айқас 31 жастағы әлемге танымал қазақстандық саңлақ спортшының 2014 жылғы алғашқы және кәсіби рингтегі 29-ыншы жекпе-жегі еді.

Еске сала кетсек, барлық кездесулерде ол қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді. Оның ішінде 26 жекпе-жегін ерте аяқтады. Ал оның бүгінгі қарсыласы, 33 жастағы Гана елінің боксшысына кәсіби мансабындағы 26-ыншы кездесуі осылайша жеңіліспен жалғасты.

Айта кеткен орынды, жекпе-жек басталар алдында MUSICOLA дуэті Қазақстанның әнұранын орындады, ал спортшыларды жанкүйерлерге әлемдегі ең танымал ринг-анонсер Майкл Баффер таныстырды. Сондай-ақ ринг арқандары және шаршы алаң EXPO 2017 халықаралық көрмесінен хабардар етер жазулармен өрнектелді.

Еске түсіре кетсек, бұдан бұрынғы жекпе-жегінде Геннадий Головкин америкалық Кертис Стивенсті айқын басымдылықпен жеңген болатын. Ал отандасымыздың 30-ыншы кездесуі АҚШ-та 26 сәуірге жоспарланып отырғандығын айта кеткен орынды. Оның қарсыласының кім екендігі әзірге белгісіз болып отыр.

 
0
271
0