Олимпиада алауын алып жүретіндердің есімдері белгілі болды

Kazsport agent 2014 M02 2
151
0
0
0

2006 жылы өткен айдында билеуден Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навка 6 ақпанда Сочиде 2014 жылғы ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының эстафетасында алғашқы алау ұстаушы болмақ, деп...

Татьяна Навка

2006 жылы өткен айдында билеуден Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навка 6 ақпанда Сочиде 2014 жылғы ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының эстафетасында алғашқы алау ұстаушы болмақ, деп хабарлайды спорт жаңалықтары агенттігі Р-Спорт.

Эстафета мәре сызығына 5-7 ақпан күндері шығады. 5 ақпан күні Олимпиада алауы Бүкілресейлік «Орленок» балалар орталығы, Лазаревское, Адлер және Красная поляна шипажай аймақтары арқылы өтіп, 6-7 ақпан күндері Сочи қаласына жетеді.

Олимпиада алауы эстафетасының коммуникациялық қызметінен «Р-Спорт» агенттігіне хабарлағандай, Навка Сочидегі теміржол бекетінен 6 ақпан күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 11.00-де шығады. Бұл күнгі факел ұстаушылардың ішінде сондай-ақ әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенконың жұбайы Яна Рудовская, ғарышкер Сергей Крикалев, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах, мұздағы хоккей Халықаралық федерациясының президенті Рене Фазель, аты аңызға айналған жеңіл атлетші Сергей Бубка, мемлекет қайраткері Герман Греф пен тележүргізуші Николай Дроздов та бар.

6 ақпан күнгі эстафета кезеңін Оңтүстік айлақ алаңында «Сочи-2014» ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенко аяқтайды.

7 ақпан күні өтетін эстафета қатысушыларының толық тізімі әзірге жарияланбай отыр. Ұзақтығы жағынан рекордтық, яғни 123 күнге созылған Олимпиада алауының ұлттық эстафетасы 7 ақпан күні Мәскеуден басталған, ол 2014 жылдың 7 ақпанында, яғни қысқы ойындар басталатын күні аяқталмақ.

 

Оцените пост

0