Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:41, 02 февраля 2014

Көлік сақшылары Елбасының халыққа арнаған Жолдауын талқылады.

Көлік сақшылары Елбасының халыққа арнаған Жолдауын талқылады. «ҚазАқпарат», 03.02.2014ж.
Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінде Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының басым бағыттары талқыланды. Жиынға департамент басшылығы мен жеке құрамы және «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері қатысты.   

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

Жиын барысында департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов Елбасының Жолдауда берген негізгі тапсырмаларына, оның ішінде, ішкі істер органдары қызметкерлеріне жүктеген міндеттеріне тоқталды. Ұлт Көшбасшысы стратегиялық құжатта: «Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс»,- деп нықтап айтты. Еліміздегі құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып қала бермек. Демек, «Ішкі істер органы қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыру, оларға деген халықтың сенімін нығайтуға бағытталған тапсырмаларды орындау баршамыздан әділдікті, жоғары құқықтық мәдениетті талап етеді»,- деді Талғат Жүкенұлы.

Талқылау соңында көлік полицейлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, психологиялық және жауынгерлік дайындықтарын нығайту, тәртіптер мен заңдылықтарды сақтау сынды бірқатар тапсырмалар берілді.

Әбу-Асқар Мекешұлы

0
225
0