Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
03:29, 01 февраля 2014

Аудиопоэзия «Ақылым көп деп, мақтанба»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Ақылым көп деп, мақтанба,

Сененде көсем, табылар.

Біліммен бөліс, ойланба,

Аянбай сілте, сен жолдар.

 

Байлығым бар деп, мақтанба,

Сененде мықты, табылар.

Кедеймен бөліс, аянба,

Ең үлкен береке, сол болар.

 

Күшім бар деп, мақтанба,

Сененде оқасы, табылар.

Ренжітіп, салсаң сен, таңба,

Өзіңе қайта, оралар.

 

Қулығым бар деп, мақтанба,

Сененде, зоры табылар.

Бір күндік, өмірге алданба,

Әбсәтте, тақырда қалдырар.

 

Көзім көреді деп, мақтанба,

Сененде артық, көрер бар.

Зағиптың мұңы, ақ танда,

Тілекте, тәубе онда бар.

 

Зырылдап, өмір өтеді-ау,

Талғамай байды, кедейді.

Алла деп, керек армандау,

Тек сезім, сені жебейді.

 

Бұл өмір, шіркін щолаққой,

Адамдар өмірде, қонаққой.

Адамға керек, терең ой,

Өйткені, ен қымбат, өмір ғой.

1
572
2