Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:12, 31 января 2014

«Манчестер Сити» «Тоттенхэмді» жеңіп, Англия чемпионатының көш басына шықты

Sergio Agüero
Англияда Премьер-Лига футбол командалары арасындағы орталық кездесу «Уайт Харт Лэйн» аренасында өтті, деп хабарлайды РБК.

«Тоттенхэм» футболшылары «Манчестер Ситиге» қонаққа келген болатын. Пеллегрини басқаратын команданы соңғы кездері «Барселона» және «Бавария» клубтарымен салыстыруда. Шынымен де, Англияның экс-чемпионы «Манчестер Сити» кейінгі кездері қарсыластан қарсылас шақ келтірмей, тамаша нәтижелер көрсетіп жүр. Бірақ «Тоттенхэм» жанкүйерлері кездесу алдында жеңістен үмітті болатын. Себебі Тим Шервуд командасы да соңғы ойындарда жеңіліс көрмеген болатын. Дегенмен «Манчестер Сити» келді де жеңісті жұлып әкетті. Осылайша «Сити» чемпиондық атаққа тағы бір қадам жақындай түсті.

Мануэль Пеллегрини ойынның бірінші минуттарынан-ақ оны тек жеңіс қана қанағаттандыратынын көрсетті. Чилилік бапкер «Манчестер Ситидің» бастапқы құрамына форвардтардың екпінді жұбы — Агуэро мен Джеконы шығарды. Шабуылшылар томағасын шешкен қыран құстардай, Льорис қақпасына лап қойды. Сонымен қатар «Арсеналдың» ұпай жоғалтуы туралы ақпарат «Манчестер Сити» командасын одан әрі жігерлендіре түсті. Себебі «Манчестер Сити» «Тоттенхэмді» ұтса таза бірінші орынға шығатыны белгілі еді.

Ойынның 4-минутында-ақ Льорис қақпасына алғашқы доп ене жаздады. Аугэро айып алаңына допты алып кірді де, оң жақ қапталға ойысып барып, «Тоттенхэм» қақпасының арғы бұрышына тепкен болатын. Льорис бұл жағдайда қауқарсыз еді, бірақ доп қақпаның бағанасына тиіп кейін серпілді. Көп кешікпей Джеко айып алаңының ортасынан кірді. Шабуылшы қақпа бұрышын көздеген, бірақ доп қақпа маңдайшасынан сәл биік кетті.

Осы минуттарда «ситиліктер» ойынды толығымен бақылауға алған болатын. Матчтың алғашқы минуттарында «Тоттенхэм» ойыншылары тіпті шабуыл жасауға ынталы емес еді. Олардың тек қақпаны тегеурінді шабуылдардан қорғауға шамалары жетіп жатты. Бірақ 14-минутта еңбектері еш кетті. Сильва шабуылдардың бірінде Агуэроға пас беріп, ол  мүлт кетпеді. Есеп — 1:0. Осыдан кейін алаң иелері Харт қорғаған қақпаны торуылдап, үсті-үстіне шабуылдады. Дегенмен бірінші таймда есеп өзгерген жоқ. 48-минутта Роуз «Манчестер Сити» шабуылшысы Джеконы айып алаңында құлатқаны үшін айып добы тағайындалды. Оны Туре мінсіз орындап, есепті 0:2 жеткізді. Сонымен қатар Роуз ойын тәртібін бұзғаны үшін алаңнан қуылды.

Ойынның 53-минутында Джеко есепті тіпті еселей түсті. Дегенмен бес минуттан соң Кауэ  «Тоттенхэм» үшін бір гол салды — 1:3.

Келесі 10 минут алаң иелерінің шабуылымен ғана өтті, «Уайт Харт Лэйн» стадионындағы жанкүйерлер де өздерінің сүйікті командаларын  үздіксіз демеп отырды. Алайда қонақтарлардың мысын бірден басты. Бірінші таймда жарақат алып қалған Агуэроны алмастырған Йоветич 77-минутта Льористің қақпасына 4-голды енгізді.

Ойын соңына қарай Тоттенхэм футболшылары намысқа тырысып бақты, бірақ 89-минутта Компани олардың қақпасына 5-ші допты тоғытып кетті. Осылайша, «Манчестер Сити» өзінің басты қарсыласы «Арсеналды» турнирлік кестеде екінші орынға ығыстырды. Келесі ойынды олар «Челси» ойыншыларымен күш сынасады.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
278
0