Сочидегі Ойындардағы қазақстандық лицензиялардың саны 53-ке дейін артуы мүмкін

Kazsport agent 2014 M01 29
151
0
0
0

Қазақстаннан Сочи Олимпиадасына лицензия иеленушілердің тізімі 53-ке дейін артуы мүмкін, деп хабарлады Vesti.kz. тілшісі. - Қазақстанда қазіргі сәтте 52 олимпиадалық лицензия бар — деді Штаттық және...

Сочидегі Ойындардағы қазақстандық лицензиялардың саны 53-ке дейін артуы мүмкін

Қазақстаннан Сочи Олимпиадасына лицензия иеленушілердің тізімі 53-ке дейін артуы мүмкін, деп хабарлады Vesti.kz. тілшісі.

- Қазақстанда қазіргі сәтте 52 олимпиадалық лицензия бар — деді Штаттық және ұлттық команда дирекциясының қысқы және олимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің бастығы Виктор Абоимов. — Шаңғышы Елена Коломинадан кейін шаңғымен тұғырдан секіруші Марат Жапаров лицензия иегері атанды. Бірнеше сағат бұрын Жапаров Коломина сияқты олимпиадалық турнирдің ресми қатысушысы болды деген хабар келді. Нақты тұжырым жоқ, бірақ ХОК-тен растау келді.

- Қазақстан тағы қосымша квотаны қайдан алады? Шана спорты немесе қоссайысқа да лицензия ала алады екенбіз.

- Тізімді ықтимал кеңейту жайын айтар болсақ, жалпы өтінімге біздің республикадан тағы бір спортшы — шаңғышы қосылуы мүмкін. Егер солай болған жағдайда, Қазақстанда эстафеталық жарысқа төрт адамды шығара аламыз. Басқа сындарда біздің мүмкіндігіміз төмен.

- Спортшылардың соңғы тізімін қайдан білуге болады?

- Ертеңнен бастап олимпиадалық деревня ресми ашылады. Спортшылар келе бастайды. Егер кімде-кім кандидатурасын алып тастайтын болса, қосымша орын болуы мүмкін. Ертең, мүмкін, бүрсікүні. Ең көп дегенде, бір-екі күнде бұл мәселеге нүкте қойылады.

Бұдан бұрын Қазақстаннан қатысушылардың ресми тізіміне шаңғышы Елена Коломина қосылған болатын.

Бастапқыда Қазақстан спорттың 10 түріне 50 лицензия алғаны хабарланған еді.

Еске сала кетейік, Сочидегі Олимпиада ойындары 7-23 ақпан аралығында өтеді. Спортшылар спорттың 15 түрі бойынша сайысқа түседі және 98 медаль сарапқа салынады.

 

Оцените пост

0