Сочи Олимпиадасы медальдарының сапасы салмақталды

Kazsport agent January 29, 2014
191
0
0
0

2014 жылы Сочиде өтетін Қысқы ойындардың медальдары 5 ақпан күні Олимпиада ұйымдастырушыларына жіберіледі, бірақ, одан бұрын олардың сапасы мен стандарттарға сәйкестігі тексерілді, деп хабарлайды...

Сочи Олимпиадасының медальдары

2014 жылы Сочиде өтетін Қысқы ойындардың медальдары 5 ақпан күні Олимпиада ұйымдастырушыларына жіберіледі, бірақ, одан бұрын олардың сапасы мен стандарттарға сәйкестігі тексерілді, деп хабарлайды Сегодня.ua.

Медальдарді әзірлеу кезінде-ақ олардың дайын құймаларының температураның күрт төмендеуіне, пресспен түсірілген қысымды көтеруге беріктігі сыналған болатын. Нәтижесінде, айтулы ойындардың медальдары бүйірінен 2 тоннаға дейінгі салмақты көтере алатыны анықталды. Ал поликарбонатты ортасы мен оның металл негізінің 8 тонна салмаққа төзімділігін көрсетті. Медаль ленталары бекітілетін штифт те арнайы тестіден өтті, ол 100 кг артық салмақты көтеруге төзімді екен.

Олимпиада медальдары өткен жылдың желтоқсан айында дайын болған. Алайда, ерекше марапаттардың сапасын тексеру үрдісі айдан астам уақытқа созылды. Тәуелсіз сарапшылар комиссиясының мүшелері дайын өнімді қабылдап алу барысында зергерлік бұйымдар сапасын бағалау стандарттарын басшылыққа алған: медальдарды табиғи жарықта қарап, лентасының берік байлануын, оған кристаллдардың дұрыс орнатылуын, қорғаныш қабатының сапасын және медальдің басқа да сипаттамаларының ережелерге сәйкес болуын қарастырған.

Олимпиада ойындарында 98 түрлі марапаттау дайындалған. Жалпы, Сочидегі ойындар үшін әрқайсысы қайталанбас зергерлік туынды болып табылатын 1254 медаль шығарылған.

   

Оцените пост

0