Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы

pedagog 2014 M01 28
507
0
1
0

"Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы" деп аталатын бұл жоба, Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі, оның ішінде ғаламтор әлеміндегі бостықты толтыруды көздейді, өздеріңіз білетіндей Қазақ тілді

"Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы" деп аталатын бұл жоба, Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі, оның ішінде ғаламтор әлеміндегі бостықты толтыруды көздейді, өздеріңіз білетіндей Қазақ тілді ғаламтор әлемінде білім саласына қатысты сайттар көбейіп келеді, сол сайттардың ішінен ешқайсысына ұқсамайтын өзіндік ұстаным қалыптастырып, өзіндік функцияларымен ерекшеленетін портал құру біздің көздеген мақсатымыз болды, осы барыста көп іздендік, басқа сайттарды зерттедік, сараптама жасадық, немен ерекшеленеміз деп ойландық, бұдан бұрын сайт құруда жиналған тәжірибемізден қортындылар шығардық, көпшілік әріптестеріміздің (ұстаздардың) ІТ технология жағынан әлі де ең бастапқы деңгейде тұрғандығын назарға алдық, ең бастысы сапалы да қолжетімді ортақ білім қорын құруды мұрат еттік. Осы қорытындыларды сарптай келе сайттың функционалдық мүмкіндіктерін ұстаздарға барынша бейімдеуге тырыстық, ал патша көңілді ағайын сайттың бета нұсқасына бағаларыңызды беріп, сын көздеріңізбен қарап жіберсеңіздер, сурет жағынан біраз кемшіліктері бар, суретті барынша сапалы көрсету үшін жұмыс істеп жатырмыз, аударманың сайт бетіндегі лекцикалық сәйкестігін қадағалап, байқалған қателіктерді дұрыстап жатырмыз, неде болса Қазнетке жаңа сайт қосылды.

Оцените пост

1