Сыр спортшылары екі алтын, екі қола иеленді

Kazsport agent 2014 M01 27
175
0
0
0

19-25 қаңтар аралығында Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыстан қызылордалық былғары қолғап шеберлері екі алтын және екі қола жүлдені қанжығаларына...

жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты

19-25 қаңтар аралығында Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыстан қызылордалық былғары қолғап шеберлері екі алтын және екі қола жүлдені қанжығаларына байлап қайтты.

60 келі салмақта бақ сынасқан қызылордалық Аханбек Нұртуған жеңістің жоғарғы тұғырынан табылды. Екінші алтынды 80 келі салмақтағы Оңталап Рахманов еншіледі. Чемпиондарды Берік Маманов және Рустам Ысқақов, Әбдіразақ Құлмағамбетов сынды бапкерлер дайындаған.

Бұл жеңімпаздардан бөлек, қызылордалық құрамнан тағы екі спортшы алға шықты. Олар — 50 келі салмақта күш сынасқан Рахымбек Шманов және 70 келі салмақтағы Азамат Сәкенов. Екеуі де үшінші орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды.
Жасөспірімдер чемпионатында Қызылорда облысының намысын жалпы 9 жас боксшы қорғады.

   

Оцените пост

0