место в рейтинге
  • 728626
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындары туралы

Канагатов И.
Астанада қазақстандық делегацияның шеф-де-миссоны — ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында жүлде алған Қазақстан спортшыларының сыйақы мөлшері жайында айтып берді.

Оның айтуынша, сыйақылардың көлемі 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында бекітілген деңгеймен бюджет есебінен берілетін болады.

«Бірінші орын үшін — 250 мың доллар, екінші орын үшін — 150 мың доллар, 75 мың — үшінші орынға беріледі. Осылай алтыншы орынға дейін бара береді (30, 15, 5). Осындай қаржыға спортшылардың бас бапкерлері де алатын болады. Жалпы Олимпиадада алтыншы орынға дейінгі орындар жүлделі деп саналады», — дейді Е.Қанағатов.

Айта кетейік, Сочи Олимпиадасына қатысу құқығын Қазақстанның 50 спортшысы жеңiп алды. Ел намысын қорғайтын спортшылар қысқы спорттың 10 түрiнен қатыспақ. Соның iшiнде шаңғы жарысы мен биатлонда он-оннан, мәнерлеп сырғанаудан — 2, фристайл могулдан — 5, фристайл акробатикадан — 4, шорт-тректен — 6, конькимен жүгiруден — 6, сноубордтан — 1, тау шаңғысынан — 4, шаңғымен секiруден — 1 және шана жарысынан 1 жолдама бар. Сонымен қатар олармен бiрге 40 адам жаттықтырушы мен сервисмендер барады.

Сочи Олимпиадасы барысында қазақстандық спортшылардың қауіпсіздігі күшейтіледі.

Олимпиада ойындарына қатысушы спортшының қауіпсіздігін ең бірінші кезекте ресейлік тарап пен Халықаралық олимпиада комитеті бірге қамтамасыз етеді.

«Сіздер білесіздер, бұл үдерісті қадағалау шаралары күшейтілген, қауіпсіздік шараларына қойылатын талаптар да қатаңдатылған. Өз кезегінде біз Сочиде Қазақстан құрамасының қауіпсіздігі мәселелерін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті талқыладық. Біздің тарапымыздан әрбір спортшыны бақылау күшейтіледі. Бұл шаралар Сочи Олимпиадасының ұйымдастыру комитетімен бірлесіп жасалады», — деді Е.Қанағатов.

Айта кетейік, соңғы кездері БАҚ беттерінде Сочи Олимпиадасы барысында лаңкестік терактілер орын алуы ықтимал деген алыпқашпа әңгімелер көбейген. Еуропада бірқатар мемлекеттердің олимпиада комитеттеріне лаңкестік терактілер жасалатыны жөнінде қоқан-лоққыға толы хаттар келіп түскен.

Сочиде Қазақстан құрамасы кемінде екі жүлде алады деп жоспарлануда.

Қазақстандық спортшылардың Сочи Олимпиадасындағы жетістігі Ванкувер Олимпиадасының көрсеткішінен де жоғары болуы тиіс. Себебі 18 жылда қысқы спорт түрлерінен бірде-бір медаль алып көрмеген Қазақстан былтыр әлемдік біріншіліктерде бірнеше жүлде жеңіп алды.

«Болжам айту өте қиын. Бірақ былтырғы жылғы әлем және өзге де халықаралық турнирлердегі нәтижені көріп отырмыз. 18 жылда біз Әлем чемпионаттарында қысқы спорт түрлерінен медаль алып көрген жоқпыз. 2013 жылы Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Денис Тен, Денис Кузин сынды спортшыларымыз әлемдік біріншіліктерде жоғары жүлделі орындарды алды. Меніңше, Сочиде медаль алатындай оларда әлеует бар», — деді Е.Қанағатов.

«Кем дегенде екі медаль — сондай талап құрама командаларымыздың алдына қойып отырмыз. Ол қандай медаль болады, оны сол спортшылар өзінің жетістігімен көрсете жатар, дегенмен кем дегенде екі медаль алу жоспарланып отыр. Фристайл-могулдан біздің Юля Галышева, Дмитрий Рейхард деген спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жүр, шорт-тректен біз командалық эстафетада жас спортшыларымызға үміт арта аламыз», — деп түйді сөзін Е.Қанағатов.

Сочи Олимпиадасына қатысу құқығын Қазақстанның 50 спортшысы жеңiп алды
Ел намысын қорғайтын спортшылар қысқы спорттың 10 түрiнен қатыспақ. Соның iшiнде шаңғы жарысы мен биатлонда он-оннан, мәнерлеп сырғанаудан — 2, фристайл могулдан — 5, фристайл акробатикадан — 4, шорт-тректен — 6, конькимен жүгiруден — 6, сноубордтан — 1, тау шаңғысынан — 4, шаңғымен секiруден — 1 және шана жарысынан 1 жолдама бар. Сонымен қатар олармен бiрге 40 адам жаттықтырушы мен сервисмендер барады.

Спортшылар үш олимпиадалық қалашықта: тау шаңғысы, жағалаудағы олимпиадалық және қосымша тау бөктерiндегi қалашықтарда тұратын болады.

Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап барады.

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
28 января 2014, 11:43
413

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
сегодня / 11:23
  • 26513
  • 9
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8093
  • 5
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 5848
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 5544
  • 56
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 3821
  • 28
Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Терпеть не могу миф о том, что мы "молодой народ, окруженный старыми нациями" и у нас еще есть время на развитие. Это чушь! Мы что - на миллион лет позже эволюционировали из обезьян?
Aks_Ras
18 июня 2017 / 10:16
  • 3062
  • 18
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2134
  • 6
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 1862
  • 10