место в рейтинге
  • 763816
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Тосынсыйға толы «теннис мерекесі»

«Жасыл құрлық» аталып кеткен Австралияда теннис маусымының «үлкен дулыға» деңгейіндегі сайыстың алғашқысы өз мәресіне жетті. Екі аптаға созылған Австралия ашық чемпионаты теннис жанкүйерлері күтпеген жаңалықтарға толы болды.

Австралия чемпионаты — «Үлкен дулыға» деңгейіндегі 4 жарыстың бірі. Әрбір теннисшінің алға қойған мақсаты осындай деңгейдегі турнирдің біреуіне болса да қол жеткізу. Ал қазіргі әлем теннисшілерінен осы дәрежеге қол жеткізгендер саны санаулы ғана. Ендігі кезекте осы жылғы Австралия чемпионатын саралап өтсек.

Қазақ теннисінің болашағы — Зарина Дияс

Жарыс басталған кезде еліміздің атынан «үлкен дулыға» сайысына алғашқы рет 8 спортшы қатысатын болды. Оның жетеуі негізгі турнир кестесінде бәсекеге түсе алды. Спортшыларымыздың ішінен, Зарина Диястың ерлігін айтпасқа болмас. Іріктеу турында 3 қарсыласынан басым түсіп, негізгі сайыста екі теннисшіден өте алды. Үшінші айналымда Симона Халептан жеңіліс тапты. Жаман емес. Себебі, іріктеу турымен санасақ, Зарина 5 қарсыласын ұта алды. Ал негізгі кестеден бастайтын теннисшілердің бірі сол — Халеп еді. Мықты теннисшілер қатарына кіретіні сөзсіз, және де Халеп Заринаға дейін екі кездесу ғана өткізген. Сөйтіп, Заринаның шаршап қалғанын да байқадық. Алайда, Австралия төрінде жақсы ойынымен көзге түсіп, жанкүйер қошеметіне ие болған қазақ қызының болашағы зор. Жарадың, Зарина!

Атақты Серена немесе фавориттердің жеңілісі

Естеріңізде болса, Серенаның жеңіліс тапқаны туралы да жазған едік. Әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямстың осалдық танытып қоярын ешкім күтпеген еді. «Сербияның сұлуы» болған Ана Иванович төртінші айналымда Серенаның жарыс жолын тоқтата алды. Үшінші ракетка Мария Шарапова да төртінші айналымда жеңіліп қалды. Австралия жанкүйерлері жарыстың қызығы әлі алда екенін байқағандай болды.

Ерлер арасындағы сайыс та сенсациялық нәтижелерге толы болды. 2009 жылы әлемге әйгілі Надальді, содан кейін ақтық бәсекеде Федерерді жеңіп, Америка ашық чемпионатын бағындырған аргентиналық талант Хуан Мартин Дель Потро небәрі екінші айналымға ғана жетіп, ары қарай өте алмады. Әлемнің 5-ші ракеткасы өзіне сай ойынды көрсете алмаса керек. Содан кейін азулы болғандар саны 8-ге жетіп, ширек финалдық жұптар кездесті. Әлемдік рейтингте 2, 3, 4-ші тұрған үш теннисші ширек финалда қарсыластарынан жеңіліс тапты. Оның ішінде ең қызығы Австралия чемпионатының төрт дүркін чемпионы, соның үшеуін соңғы үш жыл қатарынан иемденіп келген сербиялық теннисші Новак Джоковичтің жеңіліс табуы. Иә, оны жеңген Станислас Вавринка. Дәл солай. Швейцарияның даңқты теннисшісі Роджер Федерерден кейінгі екінші теннисші. Өткен жылы да сербке қарсы ойында жеңіске жақын болған Вавринка бұл жолы шын мәнінде мықты болды.

Теннис тарихындағы «pe(RF)ect»!

Ағылшын тілінен «perfect» сөзі мінсіз дегенді білдірсе керек. Осы орайда, Швейцарияның теннисшісі Роджер Федедер осындай атаққа барша теннис жанкүйерлерінен иеленіп кеткен еді. «Үлкен дулыға» сайыстарында осыған дейін 17 рет жеңіске жеткен. Спорттық мансабында 302 апта бойы әлемнің бірінші ракеткасы құзырында болып, рекордтық көрсеткішті жасаған.

Бүгінгі таңда Федерердің жасы 32-де, спорттық жаспен қарағанда әрине, ардагерлік жасқа таяп қалғандай. Десек те, Федерер мансабын аяқтамас бұрын, басқа теннисшілерге қауқарын көрсетуді қояр емес. Австралия турнирін 4 рет бағындырған. Ұлы теннисші осы жылы жартылай финалға дейін өтіп, Австралияда 11 рет қатарынан жартылай финалдық межеден төмен болмай, тағы бір рекордқа ие болды. 32 жасар теннисші әлемнің қазіргі бірінші ракеткасы испандық Рафаэль Надальға есе жіберді. Надаль мен Федерер арасындағы бәсеке қашанда қызық болары сөзсіз. Бірақ, финалда олардың біреуімен кездесуі тиіс Станислас Вавринка өз отандасын Федерерді күткенін айтты.

Станисластың сенсациясы ма, әлде Станислас басқаларға сынақ па екен?!

Міне, чемпионат та өз мәресіне жетті. Ақтық сында 13 рет «үлкен дулыға» сайыстарында жеңіске жеткен испандық Надаль мен спорттық мансабында тұңғыш рет «үлкен дулығада» финалға шығып отырған швейцариялық Вавринка. Барлығы үшін Надальдің басым болатындығы күтілген еді. Вавринка үшін финалға жетудің өзі үлкен ерлік деп шешті жанкүйер қауым. Бірақ ойын басталысымен, Швейцария теннисшісінің «тек Джоковичті ұтып қана қоймаймын, әлемнің бірінші ракеткасын да оңдырмаймын» деген дайындығы байқалғандай. Ойынның екі сеті өткеннен кейін байқалған нәрсе, іске асып болғандай. Надаль тек үшінші сетте амал тауып, сол сетті өзіне жазды. Төртінші сетті испандық ұтса, матч бесінші сетке ұласатыны анық. Ал егер төртінші сетті Станислас алса… Онда бұл тарих.

Станислас Вавринка өзінің «үлкен дулыға» деңгейіндегі тұңғыш финалымен ғана тоқталмай, тұңғыш үлкен турнирін бағындырды. Әлемнің 8-ші ракеткасы болып тұрған жерінен, ұпай санымен енді үшінші сатыға көтерілді. Қайтпас қайсарлығы мен мінезділігінің арқасында теннис әлемінде өзінің азулы қарсылас екендігін дәлелдеді. «Stan» — чемпион!

 

P.S. Қандай спорт түрі болмасын, жеңіс сезімі спортшы көзін жасқа толтырары сөзсіз. Күн-түн демей жаттыққан спортшының бірде қойған мақсатына жетуі — ерлік деп санаймын өз басым. Өйткені, «ерлік» деп атаған сөзімнің ішінде сол жеңіске жеткізген жолдың жатқаны белгілі.

Австралия ашық чемпионатының қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

Ерлер арасында жекелей сында: Станислас Вавринка (Швейцария)

Әйелдер арасында жекелей сында: Ли На (Қытай)

Ерлер арасында жұптар сынында: Кубот Л. (Польша) /Линдштедт Р. (Швеция)

Әйелдер арасында жұптар сынында: Эррани С./Винчи Р. (Италиялық жұп)

   
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
28 января 2014, 11:42
211

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5395
  • 12
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 2988
  • 16
Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Вчера состоялся предпремьерный показ нашего отечественного фильма "Крылья, подаренные матерью", после просмотра которого защемило сердце - настолько правдоподобной казалась эта история.
Gulmira-I
14 сент. 2017 / 9:34
  • 2435
  • 0
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2161
  • 54
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2108
  • 61
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 2035
  • 21
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 1699
  • 30
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2035
  • 17
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2222
  • 1