Допты хоккей: Иркутск қаласында әлем чемпионаты басталады

Kazsport agent 2014 M01 27
182
0
0
0

Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионаты басталады. Мықтылардың «А» тобында сынға түсетін Қазақстан ұлттық құрамасы бастапқы кездесуін әлем чемпионы — ресейліктермен өткізеді. Содан кейін...

Допты хоккей
Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионаты басталады.

Мықтылардың «А» тобында сынға түсетін Қазақстан ұлттық құрамасы бастапқы кездесуін әлем чемпионы — ресейліктермен өткізеді. Содан кейін 27 қаңтарда шведтермен, 29 қаңтарда финдермен айдынға шығады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Никишов болса, оған Марат Манғубаев, Алексей Золотарев сынды мамандар көмектесуде.

Қазақстандықтар осыған дейін 2003 (Архангельск), 2005 (Қазан), 2012 (Алматы) және 2013 (Венерсборг) жылдары өткен әлем біріншіліктерінде фин құрамасымен айқаста төрт мәрте қола жүлдені жеңіп алды. Әсіресе, Алматыда өткен чемпионатта жартылай финалда қазақстандықтар шведтерден тек пенальти соғуда ғана ұтылып, финалға шығатын (онда кемінде күміс медальді иеленетін еді) мүмкіндікті жіберіп алды.

Қазақстан құрамасында Орал допты хоккейінің бес бірдей түлегі ойнайды. Соның бірі, ұлттық құрама капитаны, Ресей чемпионатының суперлигасындағы Новосібірдің «Сибсельмашында» өнер көрсетіп жүрген Рауан Исалиевтің сөзіне қарағанда, екі жыл қатарынан қола медальді иеленген қазақстандықтар бұл чемпионатта да жүлделі орындар үшін таласатын болады.

 

Оцените пост

0
Дальше