Олимпиада-2022 ойындарын өткізу құқығына Алматымен тек екі қала бәсекелесуі ықтимал

Kazsport agent 2014 M01 27
158
0
0
0

Олимпиада-2022 ойындарын өткізу құқығына Алматымен бірге тек екі қала бәсекеге түсуі ықтимал. Ол — қытайлық Бейжің мен польшалық Краков. Бұл туралы vesti.kz хабарлап отыр. Сайттың жазуынша, қазіргі...

Олимпиада-2022 ойындарын өткізу құқығына Алматымен тек екі қала бәсекелесуі ықтимал
Олимпиада-2022 ойындарын өткізу құқығына Алматымен бірге тек екі қала бәсекеге түсуі ықтимал. Ол — қытайлық Бейжің мен польшалық Краков. Бұл туралы vesti.kz хабарлап отыр.

Сайттың жазуынша, қазіргі уақытта Норвегия халқының 58 пайызы Осло қаласында 2022 жылы Олимпиада ойындарының өткізілгенін қаламайтындықтарын айтқан. Дегенмен, қала басшылығы өз кандидатурасын шығаруға асықпауда. Ал Львов қаласының берген өтініші болса, Украинадағы саяси ахуалға байланысты тым сенімсіздеу көрінеді.

Еске сала кетейік, 17 қаңтарда Олимпиада ойындарын өткізуден Стокгольм қаласы бас тартқан болатын. Ол кезде шаһар басшылығы экономикалық базаның жоқтығын алға тартты. Оның алдында Мюнхен қаласы да түсіп қалды. Себебі жергілікті тұрғындар Олимпиаданың өткізілуіне қарсы дауыс берген еді.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 

Оцените пост

0