место в рейтинге
  • 123788
  • 96
  • 20
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қасқыр

Ағылшындардың үш доңыз туралы ертегісі  бар - онда екі доңыз билеуді ән айтуды, көңілді кештер ұйымдастыруды қатты жақсы көрді, сондықтан да олар көп уақыттарын іргесі берік үй тұрғызуға жұмсағысы келмеді. Күндердің бір күнінде сұр қасқыр келіп, оларға тап бергенде, олардың  шырпы мен сабаннан жасалған үйі оларды қорғауға жарамсыз болып, жермен жексен болды. Қасқырдың айбатынан оларды тек үшінші доңыз ғана құтқарып қалды, ол доңыз би  билеудің  орнына нақты іспен айналыса отырып, қасқырдың атойына тойтарыс  бола алатын тастан қорған салып үлгерген болатын.

Біздің еліміздің басқарушы табы осы бейқам доңыздардың бірін еске салады, яғни тастан салынған қорған іспеттес, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласын дамытудың орнына, КСРО-дан шыққаннан кейінгі 23 жыл уақыттың көп бөлігін және көп күшті түрлі саммиттер өткізуге, Астананың туылған күнін тойлауға және де сол секілді тойлар жасауға, түрлі ескерткіштердің ашылу салтанатына, Азиада яки басқада көңіл көтеретін мерейтойларға жұмсады. Ал енді солтүстіктен сұр қасқыр тап бергенде, қорған болар құртақандай қалқан да табылмады.Сондықтан да Қазақстан біріншіден Кедендік Одаққа содан соң Еуразиялық одаққа мүше болуға мәжбүр болды.

Ресейдің бұрынғы КСРО  елдерімен үдемелі одақ құруына түрткі болған негізгі себептерді қарастыруға көшейік.

Еуразиялық одақтың құрылуының бірінші себебі, Ресейдің АҚШ-қа  өз аумағында толыққанды тәуелсіз  екенін мойындату, сонымен қатар өзінің жауапкершілік аймағы ретінде КСРО-ның бұрынғы елдерін алу үшін жасалған әрекеттерінің құрдымға кетуі болып табылады. Ресей Украина, Белоруссия, Қазақстан, Кавказ елдері, Орта Азия мемлекеттерін бақылауда ұстауға үміткер болды.

Ресейдің Қазіргі басқарушы табы үшін өзінің аумағына өзі бақылау жасау дегеніміз өздерінің елдері аумағында орналасқан шикізат ресурстарына және олардан түсетін табысқа өздері толығымен ие болу дегенді білдіреді. Мұндай талаптар Ресейдің  мұнай мен газ сатудан түсетін табысқа өмір сүретініне байланысты пайда болды және осы кірістерді  кім қадағаласа, сол нақты елді қамтамасыз етіп отыр деген сөз. Мұнай мен газды сатудан түсетін табысты қадағалау дегеніміз - билікке ие болу дегенді білдіреді. Кімде-кім табыс әкелетін активтерге ие болса - билік сонда.

Мысалы Ресей мемлекетімен ресейлік активтерге иелік ететін  жекеменшік иелері арасында салық салымдары, кедендік саясат, лицензия беру шешімі және басқа да мәселе бойынша келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда басқарушы таптың шешімімен келіспейтін үлкен активтерге ие адамдар  Ресейдің басқарушы табына қысым көрсету үшін өздерінің ақшаларын және  АҚШ-тың қолдауын пайдалана алар еді. Қысым формалары әртүрлі болуы мүмкін - яғни ақпараттық шабуылдан бастап, көптеген митингілердің ұйымдастырылуы, жаппай дүмпудің пайда болуы мен Ресейдің басқарушы табының ауысуына дейінгі әрекеттер.

Нақты түрде Ресей мемлекеті келесі нәрсені атап айтқан болатын: егер үлкен Ресей бизнесі Ресейдің басқарушы табымен келіспеушілікке тап болған жағдайда АҚШ-тан көмек күтетін болса, онда Ресей мемлекеті  мұндай адамдарды  ұлттық қызығушылықтарға сатқындық жасаушы ретінде олардың мүлкіне деген келесі  санкцияларды  жариялайды.(Ходоровский, Гусинский, Березовский).

Ресей мемлекеті Ресейлік активтерге ие жекеменшік иелердің қызығушылығын есепке алатындығын айтты және келіспеушілік жағдайында, АҚШ-тан қорған іздегенше, Ресейдің басқарушы табымен келісімге келуін талап етті.

Еуразиялық одақты құрудың екінші себебі Ресейдің  билік етуші табының Ресеймен қатар бұрынғы КСРО елдеріндегі өткізу  нарығын, транспорттық ағымдарды және шикізат ресурстарын бақылауда ұстауға деген тілегі болып табылады. Бұл жағдайда мына нәрсені түсінбек керек, тіпті шикізат ресурстарының көп бөлігі басқа біреулердің иелігінде болса да, бұл дегеніміз Ресейдің мұнай өндіру және шикізат  кен орындарын иемдену бойынша шарттарды өзгертуге мүмкіндігі болмайды дегенді білдірмейді. Жекеменшікті бөлу мысалы ретінде  Сахалин -1, Сахалин 2, Юкос, Руснефть, Сибнефть, Новатек, Сибур және т.б тарихын келтіруге болады. Осы секілді ойын шарттарының өзгеруі немесе жекеменшіктің бөлінуі КСРО-ның бұрынғы елдерінде де орын алуы мүмкін.

 

Еуразиялық одақтың құрылуының үшінші себебі Ресейдің өсіп келе жатқан екі блок пен бетпе-бет қалудан қорқуында, батыстан Еуропалық Одақ - 500 млн. адам, Шығыстан Қытай - 1.3 млрд адам. Сонымен қоса, Оңтүстіктен өсіп келе жатқан саяси қысым. Ислами қысым Ресейде Кавказ және Волга маңындағы (Башқұртыстан, Татарстан) соғысқа алып келуі мүмкін. Волга маңынан айырылу деген Ресей үшін Сібірден және Қиыр шығыстан айырылуын білдіреді. Бізге мына нәрсені түсінбек керек, Ресейдің Орал маңындағы халқы 20 млн.-нан көп емес және күрт төмендеп бара жатыр. Осы жағдайда Ресейге өзінің 140 млн. халқына арқа сүйегенше, 250млн. адамды билеу оңайырақ болады.

 

Ресейдің басқарушы табының өз аумақтарын, сонымен қатар бұрынғы КСРО елдерінің аумағын билеу мақсатында АҚШ-тың келісімін алуға жасаған әрекеттерінің бірнеше қайтара құрдымға ұшырауынан соң Ресей өздігінен әрекет жасауға көшті. Өз елінің ішінді әкімшілік қысым әдістерін пайдалана отырып, Ресей үлкен көлемді шикізат компанияларының және олардан түсетін табысты қадағалауға қол жеткізе алды. Сыртқы саясатында Ресей бұрынғы КСРО елдерін иемдену туралы құқықтарын ашық жариялады. ЕНР 2008 жылғы Грузидағы көтеріліс арқылы Ресей өз аумағын және бұрынғы КСРО елдері аумағын Күшпен болса да бақылауға алатынын көрсетті.

Грузия арқылы өтетін Баку –Тбилиси-Джейхан (Түркия) экспорт газ құбырының жарылысы секілді диверсиялар қайталанды. Ресейден Грузияға жеткізілетін электр энергиясы сатылы түрде тоқтатылды. Соңында мұның бәрі Ресейдің саяси сатып алулары мен арандатушылықтарының нәтижесінде Грузия билігіне Ресейшіл Иванашвили басшылығының келуіне және америкашыл Саакашвили басшылығының биліктен кетуімен аяқталды.

Белоруссияда Ресей «Крестный батька 1-2» фильмін көрсету арқылы Лукошенкоға ақпараттық қысым көрсетті, сонымен қатар Белоруссияға газ және мұнай тасымалын шектеу, Белорустық тауарлардың Ресейде сатылуына шек қою секілді экономикалық санкцияларды қолдана отырып, Белорусь экономикасына әсер етті. Соңында Ресей Белоруссияны өзі басқаратын одаққа мүше болуға мәжбүр етті.

Ресей Қырғызстаннан Американың саяси қамқорлығынан бас тартып, Манас әуежайындағы Американың әскери базасын жабуды талап етті. Құрманбек Бакиев Американың әскери базасын жабуға уәде беріп, Ресейден ақша алып, Американың әскери базасын жабу туралы алғашқы ойынан бас тартып, Ресейді алдамақ болды, осыдан соң бірден кезекті Қырғыз революциясы басталып та кетті, содан соң Бакиев елден қуылды. Қазіргі Қырғызстанның басшылығы Ресей талабын орындап, Манас әуежайындағы Американың әскери базасын жапты. Қазіргі таңда Қырғызыстан өз басшылығы келбетінде Еуразиялық одақ құрамына кіру туралы тілегін білдірді.

Украинаның саяси элитасы Ресейге бағынудың орнына АҚШ-қа бағынуды жөн деп шешті. Бұл Ресейдің 2013-2014 жылдан Украинаның Ресейге экспортына қатал экономикалық санкциялар енгізе отырып, оны іс жүзінде тоқтауына алып келді. Осыған байланысты Украинаның президенті Янукович 2014 жылы Американың әскери – экономикалық одақтасы болып табылатын Еуропалық одақпен қол қойылған келісімінен бас тартты және Ресеймен Кедендік одаққа кіруге дайын екенін жариялады. Дәл осы жағдайдан соң АҚШ Украиналық көпшіліктің көңілі толмағанын пайдалана отырып, Януковичтің елден қуылуына және Украинаның Ресеймен одақтасуынан бас тартуына алып келген украиналық майданды ұйымдастырды. Осыған жауап ретінде Ресей Қырымды өзіне енгізе отырып, Оңтүстік – Шығыс Украинада қарулы қақтығыс ұйымдастырып, Украина билігіне ұлтшылдар келді және олар Украинаның Шығысындағы орыс тілді халықты жойып жібермекші деп мәлімдеді.

Мұндай геосаяси жағдайда қазақ саяси басшылығының Ресей басшылық ететін Еуразиялық одақтан бас тартуына ешқандай мүмкіндігі жоқ.Еуразиялық одақтан бас тарту Ресейдің барлық телевизиялық каналдарынан Қазақстанның қазіргі басқарушы табын әшкерелейтін және беделін түсіретін фильмдердің жаппай көрсетіліміне алып келеді. Ресей Қазақстандық мұнай мен газдың өз аумағы арқылы тасымалдануына тыйым салады, сонымен қатар қазақ металы және қазақ астығы Ресей порттары арқылы экспортқа шыға алмайды.

Басқа елдерге баратын қазақ мұнай құбырлары диверсия қаупінде болады, мысалы Түркіменстан, Газпром Түркіменстан газын келісілген келісімшарт бойынша тасымалдауын талап еткенде, ал ол кезде ол баға Газпромға  тиімсіз болған болатын, сол кезде Түркімендік экспорттық газ құбыры күтпеген жағдайда, көптеген жерлерде жарылды және осы жағдай бірден түркімен газының Газпромға тиімсіз шарттармен тасымалдануын мүмкін етпеді.

Ресейдің қазақ экспортына  шек қоюы Қазақстан халқының өмір сүру деңгейінің апаттық жағдайға дейін төмендеуіне алып келеді. Осыдан соң Ресей Қырғыздың (Бакиевтің қуылуы Атамбаевтың билікке келуі) немесе грузиндік (Саакашвилидің қуылуы Иваашивилидің билікке келуі) сценарийді пайдала отырып Қазақстанның басқарушы табының орнынан кетуіне, оның орнына Еуразиялық одаққа кіруді қолдайтын ресейшіл саясаткерлердің билік басына келуіне жағдай жасайды .

Қалыптасқан саяси – экономикалық жағдайда қазақ саясаткерлерінің АҚШ-қа немесе Қытайға арқа сүйей отырып Ресейге қарсы тұруы бұл - ақымақтық. АҚШ та, Қытай да Қазақстан үшін Ресеймен соғыспайды, Еуразиялық одаққа кіруге деген  белсенді қарсылық Украиндық сценаридің (Қырымды құрамына енгізу және Ресейдің Украинаның оңтүстік – шығысындағы  қарулы күштерді  қолдауы), Малдовалық сценарийдің (Принестровье аймағын жоғалту), грузиндік сценарийдің (Абхазия мен оңтүстік Осетияны жоғалту), Қазақстанда жүзеге асуына алып келуі мүмкін, яғни біз нақты түрде еліміздің Солтүстік, Орталық және Батыс бөліктерінен айырылып қалуымыз мүмкін.

Қазақстанның қазіргі басқарушы табының Еуразиялық одақтың таза экономиклық қырлары туралы әңгімелеріне қарамастан біз мына нәрселерді білуіміз керек, бұл одақ бұрынғы КСРО елдерінің Ресей басқаратын әскери – саяси одағы.

Бұл одаққа кіргенде Қазақстан толығымен тәуелсіздігін сақтайды деген, бұл одақтың экономикалық қырларын көрсететін әңгімелер, Қазақстаннның бұл одаққа өз еркімен мүше болып отырғанын көрсетуге тырысушылық.

Ал бұл  одақты құру қажеттілігі туралы Назарбаев 90-жылдары бірінші болып ұсынғаны жөніндегі және Қазақстан бұл одақтың дем берушісі деген әңгімелер болып жатқан үрдістерді түсінбеушіліктен. Істің мәнісі Назарбаевтың басқа одақты қалағандығында. Назарбаев өз билігіне қауіп төнгенде Ресей тарапынан әскери көмек көрсетілуін, Қазақ кенінің, мұнай мен газының Ресей аумағында тасымалдануында төмен тарифтің болуын, визалардың, қазақ компанияларының және азаматтарының капиталдарының жылжуына шектеулердің алынып тасталуын қалады.Ресей оның бастапқы идеясын пайдалана отырып бұл жағдайға басқа мән жүктеді, басқа мән деп отырғанымыз осы одаққа кірген елдердің тек туын, елтаңбасын, әнұранын әкімшілік аумақтарын, аумақтық билеуші және атқарушы органдарын өздеріне қалдыру, басқа нақты нәрселер, яғни экономикалық және ақшалай саясатты анықтау Мәскеу қол астына өтеді.Бұрынғы КСРО-да және қазіргі Еуро одақтағы Грекия мен Чехияның жағдайы іспеттес.

 

Егерде Қазақстанның қазіргі үкіметі тәуелсіздіктің 20 жылдығында көз бояумен емес нақты іспен айналысқанда  Ресейге экономикамызды  экспорттық табысымыздан айыруға, транспорттық дәліздерді жабуына мүмкіндік бермейтін үдемелі экспорттық ағымдар мен күшті экономикаға ие болып отырар едік. Бірақ қолда не болса, сол бар. Соған байланысты осы бар саяси – экономикалық жағдайда әрекет етуге тура келеді. Ал бұл жағдай Қазақстанның басқарушы табының Ресей қалауын орындаудан басқа жол жоқ екенін көрсетеді.

Еуразиялық одақ келесі бағыттар бойынша әрекет етеді:

1) Біріңғай Кедендік қызмет пен біріңғай кедендік жүйе;

2) Біріңғай эмиссиялық орталық пен біріңғай валюта (Еуропалық орталық банк іспеттес, біріңғай орталық банк);

3) Еуразиялық одақ елдері азаматтарының біріңғай төлқұжаты;

4) Біріңғай парламент, біріңғай үкімет;

5) Еуразиялық одақтың біріңғай заң жүйесі;

6) Біріңғай қорғаныс күштері;

Толықтай алғанда Еуразиялық одақ бұрынғы КСРО мен қазіргі Еуро одақтың арасындағы орта іспеттес, яғни бұл одақтағы екінші дәрежелі елдердің өзінің елтаңбасы, әнұраны, туы болады, бірақ нақты негізгі саяси – экономикалық шешімдер Мәскеуде қабылданатын болады.

Енді Еуразиялық одақ туралы Дана Жолдың көзқарасын қысқаша айтып өтсек:

1) Қалыптасқан жағдайда Еуразиялық одақтың бізге ешқандай экономикалық пайдасы жоқ екенін біле тұра, біз бұл одаққа кіреміз. Бұл Ресей Қазақстанға украиндық, малдовалық, грузиндік сценарийді қолданбауы үшін баратын келісіміміз. Бұл дегеніміз біздің тәуелсіз 23 жыл уақытымызды биге, әнге, тойға, саммиттерге, бүгін ашылып, ертең жабылып қалатын жаңа зауыттардың даңғаза лента кесулеріне, мемлекеттік аппараттағы жемқорлық, жағымпаздық, табанжалағыштық үшін әрекет жасаудың орнына әдемі сөйлегеніміз үшін берілетін жаза деп түсінуіміз керек.

Қазақстандағы  оппозиция өкілдерінің Еуразиялық одаққа қарсы жасап жатқан шаралары балалардың аула бұзақысын айыптау сөздермен тоқтатқысы келетіні секілді әрекет. Қазіргі таңда  оппозиция қолдарында парақшалары бар адамдарды танкіге қарсы қойып оны тоқтатқысы келеді. Танк ол адамдарды басып өтіп кете салады, тіпті ештеңе де білінбестей болады. Бұл біздің тарихымызда орын алған оқиға, яғни Алаш Орда үкіметінің негізін салушылар сияқты. Олардың барлығы дерлік қуғынға ұшырап, лагерлерге жөнелтілді. Жау танкісін  тоқтату үшін өзімізге  танк құру қажет. Қазіргі оппозиция ұлтымыздың алдына жалған мақсат қойып, Еуразиялық одақты көтерілістер, дүмпулер, форумдар арқылы тоқтатуға болады деп алдауда.

Жылу қазандықтарында пайда болатын буды дыбыс шығаруға немесе тепловозды қозғалтуға жұмсауға болады. Сол секілді ұлтымыздың қуатын көтерілістерге, дүмпулерге немесе өзіміздің ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласын құруға бағыттауға болады.

Қазақстанның Ресейге жұтылуынан қорқу керек пе? Жоқ, қорқу керек емес. Еуразиялық одақ соңғы логикалық нүктесіне жетпейді. Ресейдің экономикалық күші оған мүмкіндік бермейді. Он жыл ішінде Ресей экономикасы құлдырай бастайды. Сонымен қатар Ресейде үздіксіз демографиялық құлдырау байқалуда. Әзірше бұл мәселені шешуде жетістікке жету мүмкін болмай тұр. Азиялық этностар – қазақтар, өзбектер, тәжіктер, қырғыздар саны жағынан орыстарды басып озатын болады.

Бізге тек күту қажет. Егер біз тағы той, саммит артынан жүгіре берсек, Еуразиялық одақ құлдыраған кезде біз Қытаймен осы іспеттес одаққа мүше боламыз. Айырмашылығы сол біз ол одақтан шыға алмаймыз, Қытай Ресейге қарағанда мықты өскелең экономикаға ие және халқының саны да көп. Қытай бізді оп-оңай өз құрамына ендіріп, бізді Қытай халық Республикасының автономды ауданына айналдыра алады. Сондықтанда Қытай Ресейге қарағанда қауіптірек.

3) Бізге Еуразиялық одақтың құрамында болғанда,мқолды сермеп отырмай, тойлар мен саммиттермен айналыспай, жұмыс жасау қажет. Осы уақыттта бізге ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыратын, экспорттық потенциялы жоғары ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласын қалыптастыру қажет.

4) Бізге Ресей қадағаламайтын бағыттарда трансфорттық дәліздер құру қажет.

Қытай бағытында бізді Қытаймен байланыстыратын, алты жолақты бір–біріне тәуелсіз екі автомагистраль болуы қажет. Сонымен қатар Қытайды Иранмен Түркиямен байланыстыратын Қазастан арқылы өтетін (Еуропаға шығатын) бір біріне тәуелсіз екі теміржол салынуы керек.

Иран бағытында Иранға және Түркиямен байланыстыратын алты жолақты автомагистраль салуымыз керек. Сонымен қатар бір-біріне тәуелсіз екі темір жол салуымыз керек, оның бірі Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік берсе, екіншісі Жерорта теңізінің түркия жағалауына шығуы керек.

Осылардан бөлек Бакумен жолаушы – жүк тасымалдайтын паромдық байланысты дамыту керек. Бакуге бұл паромдар рейсттік автобустар секілді қатынауы тиіс.

Егер біз еліміздің алдына қойылған мақсаттарды ойдағыдай орындайтын болсақ, алдағы уақытта  Қазақстан көршілес түрік елдерінің экономикалық күшін пайдалану арқылы, оларды өзіне бағындырып, түрік елдері одағын  басқаратын болады.

 
Дана жол danajol
Dana Zhol: qazaq economic school «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
8 июля 2014, 12:42
668

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8601
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3029
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3175
  • 37
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2561
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2670
  • 31
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2458
  • 50
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2048
  • 17
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2093
  • 2