2013 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша ҚР ІІМ кеңейтілген Алқа отырысы туралы БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

mvdgovkz 2014 M01 24
275
0
0
0

Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі С. Н. Ахметовтың, Бас прокурор А. К. Дауылбаевтың және Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі А. Ж. Шпекбаевтың қатысуымен, Ішкі істер мини

Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі С. Н. Ахметовтың, Бас прокурор А. К. Дауылбаевтың және Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі А. Ж. Шпекбаевтың қатысуымен, Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтың төрағалығымен ІІМ кеңейтілген Алқа отырысы өтті. Отырыс барысында ішкі істер органдарының 2013 жылғы жұмыс қорытындысы мен Президент Н. Ә. Назарбаевтың ү.ж. 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізінде ішкі істер органдарына қойылған талаптар мен Жолдаудың басым бағыттары талқыланды.

Атқарылған жұмысты  қорытындылай келе Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қабылданған оң шешімдердің нәтижесінде министрліктің жедел-қызмет саласының бірқатар бағыттары көптеген жетістіктерге жеткендігін атап өтті.

Мәселен, аса ауыр қылмыстар (-15%), кісі өлтірулер (-12%), тонаушылықтар (-7%), қарақшылықтардың (-18%) саны біршама қысқарды. Кәмелеттік жасқа толмағандар тарапынан (-8%) және қару қолдану арқылы жасалған қылмыстардың (-11%) саны азайды. Жалпы санаттағы қылмыстардың статистикалық өлшемі онша ауыр емес және ауырлығы орташа (бұзақылық, алаяқтық және ұрлық) қылмыстардың өсуінің негізгі себебі (+26%) қылмыстарды тіркеу саласындағы саясаттың өзгеруі болып отыр.

Осы саланың ІІМ ведомстволық бақылауында және прокурорлық қадағалауда болуы, полиция қызметінің қылмыстарды анықтаудағы белсенділігі, әкімшілік құқық бұзушылыққа принциптік тұрғыда баға берілуінің нәтижесінде осы уақытқа дейін құқық қорғау органдарының назарынаң тыс қалған маңыздылығы төмен болып есептелген мыңдаған қылмыстардың бетін ашуға мүмкіндік туды.

Қалмұханбет Қасымов ұйымдасқан қылмысты анықтау мен болдырмау,сондай-ақ экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстар, есірткі бизнесіне қарсы күрес, заңсыз көші-қон, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыстардың алдын алу сынды ішкі істер органдарының маңызды мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар Алқа отырысында қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына байланысты басым бағыттар нақтыланды. Мәселен, сотталғандарды топтықтан жеке камераларда ұстау, сотталғандарды еңбекпен қамту және кәсіби даярлыққа жағдай жасау, сондай-ақ сотталғандар санын қысқарту мен пробация қызметін дамыту.

Ішкі істер министрі құрылымдық бөлім басшыларының алдына бірнеше міндеттер қойды. Оның ішінде қалалық және аудандық ішкі істер органдарының жедел-қызметтік бағыттағы жұмысты жетілдіру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды толыққанды тіркеуді қатаңдатуға бағытталған шараларды жалғастыру, қылмыстар бойынша арыздар мен хабарламаларға жедел ден қою, қылмыстарды ашу бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыру, тергеу мерзімін қысқарту мен сотқа дейінгі іс жүргізу бойынша жеңілдетуді кеңейту, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи инновациялық технологияларды енгізу мен жеке құрам арасында жауынгерлік және қызметтік дайындық деңгейін көтеру.

Ү.ж. 17 қаңтарында Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы еліміздің дамуы бойынша басым бағыттарды белгілеп берді. Президент: «Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі. Ал погондағы адамдар мінсіз тәртіп пен жоғарғы кәсібилігімен ерекшеленіп тұруы қажет», - делінген.

Осы орайда ішкі істер министрі полиция қызметкерлерінің  құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыспен күресті сапалы әрі жоғары деңгейге көтеру, заңдылық пен тәртіпті нығайтуды қамтамасыз ету, қатардағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелендіру бойынша ауқымды міндет тұрғандығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов Елбасының Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру Іс-шаралар жоспарын нақтылады. Аталған міндет мүлтіксіз және сапалы орындалуы тиіс. Алайда, егер елде мықты экономика бола тұра қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етілмесе, мемлекет дамыған болып саналмайды. Президент өзінің Жолдауында «жұмыс жасауға барынша  жағдай жасалған және қоғамның тарапынан сіздерге қойылатын талаптың жоғары болуы заңдылық» деп атап өтті. ІІМ-нің алдында тұрған міндеттер сондай-ақ одан тиімді жұмысты күту – маңызды мәселе.

Серік Ахметов құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысты ескертудің, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, қоғамдағы ұсақ тәртіпсіздікке төзбеушілікті қалыптастыру бойынша Мемлекет басшысының міндеттерін нақты орындауды қамтамасыз ету, біріккен жол-патрульді полиция жұмысын сапалы түрде жақсарту, есірткіге қарсы күрес пен көші-қон ағынын бақылауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Үкімет Басшысы ішкі істер органдары жүйесінің сапасын жақсарту, кадрлық және тәртіптік жұмыстың тиімділігін күшейту мәселелері бойынша  Елбасының тапсырмаларын нақты орындауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Баспасөз қызметі

 

Оцените пост

0