Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:10, 24 января 2014

ҚР-ның Кеден қызметі «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік одағымен өткізу пункттері жұмыстарының тиімділігін бағалау және қазақстан-қытай шекарасындағы ресімдеу бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізуде

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы кеден қызметінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып өткізілетін тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасына барынша тиімді бақылаумен, тоқтатусыз кедендік шекара арқылы жүктердің өтуін қамтамасыз ету табылады.
ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің «KAZLOGISTICS» Қазақстан Көлік одағымен ынтымақтастығы кедендік бақылау мен ресімдеу процесінде проблемалық орындарды айқындауға бағытталған, және өткізу пункттері жұмыстарының тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретіні күтілуде. 
«KAZLOGISTICS» мамандары ағымдағы ай ішінде автомобиль және т/ж өткізу пункттерінің жұмыстарына мониторинг жүргізуде. Болжанып отырғандай, бұл зерделеуге қажетті кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен өткізу пункттерін жарақтандыруды, оның жұмыс режимін, брокерлік компаниялардың құжаттарды әзірлеу және қалыптастыру, сондай-ақ тасымалдаушылардың жүру жолдарының уақыт шығындарына ықпалын тигізетін басқа да объектілерді қоса алғанда, бірқатар факторлар тартылатын болады.
Қазақстанның көлік одағымен өткізу пункттері жұмысының тиімділігін өлшеу мен қазақстан-қытай шекарасындағы ресімдеуге әдістеме әзірленді, оған сәйкес бағалау жүргізілетін болады.
Кеден органдарының бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастығы – кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың маңызды құрамдастарының бірі болып табылатынын атап өту маңызды. Ол кәсіпкерлікті қолдауға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Проблемалық мәселелерді талқылау, тауарларды кедендік тазарту мен кедендік бақылау рәсімдерін жетілдіру мен оңайлату, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын тездетуге ықпал ететін жағдайларды жасайтын ұсыныстарды әзірлеу, ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті жанында әрекет ететін Консультативтік кеңес шеңберінде өтеді.
Мұнымен қатар, кедендік тазарту процесін тездету үшін кеден қызметі тауарларды кедендік тазарту мен шығару кезінде кедендік операцияларды жасауға уәкілетті ішкі кеден бекеттерін санаттау бойынша жұмыстар жүргізуде, оларды жайластыру мен жарақтандыру, жұмыстардың регламенті мен басқа да критерийлер бойынша талаптар айқындалды.
Кеден органдарының мамандары Жүктерді терминалдық өңдеу, логистика, кедендік тазарту мен декларациялау бойынша толық спектр қызметімен шекаралас көліктік-логистикалық орталықтарын құру тұжырымдамасын ұсынды. Осы жобаны іске асыру елдің транзиттік әлеуетін дамытуға қолайлы әсер етеді.
Бұдан басқа, кедендік шекара арқылы жүктерді өткізу процесін тездету бойынша міндеттердің сәтті шешілуі тиімді пайдаланатын алдын ала ақпараттандыру рәсімі болды. Қазіргі уақытта, автомобиль өткізу пункті арқылы өткізілетін тауарларға қатысты транзиттік декларацияның 90% көбі алдын ала ақпараттандыруды пайдаланумен беріледі.
Республикада дамып келе жатқан уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) институты, сондай-ақ сыртқы сауда айналымының артуына көмекке бағытталған. 
Бұл міндет Қазақстан Республикасында кедендік бақылаудың назарын тауарларды кедендік тазарту кезеңінен тауарларды шығарғаннан кейінгі кезеңге ауыстыру бойынша кеденшілер әзірлеген Тұжырымдамада көзделген. Тауарларды кедендік тазарту тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану негізінде ғана жүзеге асырылатыны болжануда. Тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынысы болмаған кезде, кедендік декларация тауарларды шығару туралы шешімді қабылдауға лауазымды тұлғаның құқығы және әсерінсіз автоматты түрде шығарылатын болады. 
Электрондық декларациялауды енгізу тауарларды кедендік тазарту процесін едәуір жеңілдетеді және тездетеді, яғни тауарларға арналған декларацияны және барлық қажетті мәліметтерді электрондық (қағазсыз) түрде кеден органдарына береді. 
Сарапшылар жоғарыда баяндалған шараларды кешенді бірлесіп іске асыру кеден қызметін халықаралық стандарттарға елеулі жақындатады деп пайымдауда, ал «KAZLOGISTICS»-пен бірлескен жоба, шешімі қойылған мақсаттарға қол жеткізуде қолайлы әсер ететін проблемалық мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді. 

0
255
0