Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:41, 24 января 2014

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінде ең үздік боксшылар анықталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері құрамалары мен әскери бөлімдері әскери қызметшілері арасында бокстан чемпионат өтті.
Былғары қолғап шеберлерінің жарысы әскерлерде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Саламатты өмір салтының орнығуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын арттырады» деп атап өтті.
Алтын жүлде үшін болған табанды тайталаста 32363 әскери бөлімінің  спортшылары жеңіс тойын тойлады. Құрметті екінші орынды 18404 әскери бөлімінің былғары қолғап шеберлері иеленді. Ал 61993 әскери бөлімінің спортшы жігіттері үшінші орынды місе тұтты. 32363 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі  қатардағы жауынгері Жандос Жанпейіс  ең үздік боксшы деп танылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
229
0