Қазақстан 2017 жылы таэквондодан Әлем чемпионатын өткізуге үміткер

Kazsport agent 2014 M01 22
138
0
0
0

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы төрағасы Тимур Құлыбаев Дүниежүзілік Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чомен кездесті. Конфедерация...

Қазақстан 2017 жылы таэквондодан Әлем чемпионатын өткізуге үміткер
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы төрағасы Тимур Құлыбаев Дүниежүзілік Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чомен кездесті.

Конфедерация баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, кездесу барысында тараптар осы спорттың түрін Қазақстанда дамыту және елімізде әлемдік ауқымдағы таэквондо бойынша халықаралық турнирлерді өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

«Қазақстан биылғы жылы Халықаралық таэквондо федерациясы (WTF) нұсқасы бойынша Гран-при сериясының әлемдік турнирін өткізуге дайындығын білдірді. Сонымен қатар «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде еліміздің 2017 жылдың Әлем чемпионатын қабылдауға әзір екендігі  айтылды», — делінген хабарламада.

Дүниежүзілік Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының президенті кездесу соңында Қазақстанның қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп, елімізде таэквондоның қарқынды дамып отырғандығын атап өтті.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
 

Оцените пост

0
Дальше