Допты хоккей: Е.Нұғмановтың төрт добы «Ақжайыққа» жеңіс әкелді

Kazsport agent 2014 M01 22
157
0
0
0

22 қаңтар күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Воткинскінің «Знамя-Удмуртия» командасымен ойында 4:2 есебімен жеңіске жетті. «Ақжайықтан»...

Допты хоккей: Е.Нұғмановтың төрт добы «Ақжайыққа» жеңіс әкелді
22 қаңтар күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Воткинскінің «Знамя-Удмуртия» командасымен ойында 4:2 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайықтан» команда капитаны, шабуылшы Ескендір Нұғманов төрт доптың авторы атанды. Сөйтіп ол биылғы маусымда соққан доп санын 28-ге жеткізді.

Бұған дейін «Ақжайық» биылғы жыл басталғалы қатарынан төрт рет жеңіліс тапқан болатын. Соның ішінде кеше «Знамя-Удмуртия» командасына 4:8 есебімен есе жіберіп еді. Ертең аталған командалар тағы бір кездесуін өткізеді.

Қазіргі кезде 33 ұпайы бар «Ақжайық» екінші топта төртінші орында келеді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 

Оцените пост

0
Дальше