Жанкүйерлердің Олимпиада стадиондарында ұстануы тиіс ережелер тізімі жарияланды

Kazsport agent 2014 M01 22
134
0
0
0

Сочи Олимпиадасының ресми сайтында жанкүйерлердің өздерін дұрыс ұстау ережелері жарияланды. Спорт нысандарына қару-жарақ, ішімдіктер мен тез тұтанатын заттарды әкелуге тыйым салатын дәстүрлі...

Сочи Олимпиадасы

Сочи Олимпиадасының ресми сайтында жанкүйерлердің өздерін дұрыс ұстау ережелері жарияланды.

Спорт нысандарына қару-жарақ, ішімдіктер мен тез тұтанатын заттарды әкелуге тыйым салатын дәстүрлі шектеулерден басқа, бұл Ойындарға қатыспайтын елдердің туларын да әкелуге болмайды, деп хабарлайды РБК.

Сондай-ақ, арнайы күзет қызметі қолдарында сусындары мен тағамдары бар көрермендерді де трибунаға жібермейді. Сондықтан, қауіпсіздік қызметінің өкілдері келушілерді және олардың заттарын тексеріп біткенше байрақты спорт бәсекесін тамашалауға асығушылар кезекте тұрып қалулары мүмкін.

Олимпиада нысандарының аумағында сауда-саттықты тек қолма-қол ақша төлеу арқылы немесе Visa картасымен ғана жүргізуге болды. Әрине, стадионға спорттық жарақтарды, оның ішінде тіпті, велосипедті де әкелуге болмайды.

Спортшыларға керней мен сыбызғы сынды аспаптарды пайдаланып қана қолдау көрсетуге болады, ал баннерлер мен жалаулардың көлемі 2×1,5 м аспауы тиіс. Тағы бір ереже бойынша, жанкүйерлер ойынды тамашалау үшін көлемі 50x50x50 см аспайтын жиналмалы орындықтарымен және сөмкелерімен ғана келе алады.

 

Оцените пост

0