Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:57, 22 января 2014

Алматыда Қытай мен Моңғолия қазақтары кітаптарының тұсаукесері өтті

ҚазАқпарат , 22.01.2014

Бүгін Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 2013 жылы «Атажұрт» баспа орталығынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік мәні зор әдебиеттерді басып шығару бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптардың тұсаукесерін өткізді.

Аталмыш ұйым биылғы жылы қазақстандықтар үшін тұңғыш рет «Шетелдегі қазақтар» топтамасы бойынша Қытай мен Моңғолиядағы отандастарымыздың туындыларын, сондай-ақ Моңғолия мен Ресейдегі қазақтар туралы жаңа кітаптарды жұртшылық назарына ұсынбақ. Бұл шығармалардың авторлары еңбектері шет елдердегі өкілетті органдармен мақұлданып, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға енгізуге ұсынылған қаламгерлер болып табылады.

Мұндағы авторлардың бірі Қаусылхан Қозыбайұлының «Ісләмнің құрдасы» атты әңгімесі мен «Шағылған төсек» пьесасы Қытайдағы қазақ мектептерінің оқулықтарына енгізілген. Таңдаулы шығармалар қатарында сондай-ақ «Жаңа жайлау» повесі, алты әңгіме, пьеса және 30-ға жуық әндер бар, оларды араб қарпінен кириллицаға Меллат Рамет көшіріп, баспаға әзірлеген. Ал, көпшілік көңіліне ұсынылған тағы бір шығарма «Атажұртқа жеткен көш» өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында қазақтардың Моңғолиядан атамекеніне оралуы жайында сыр шертеді. Шараға кітаптардың авторларымен бірге, жалпы жұртшылық пен республикалық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

0
195
0