Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:55, 22 января 2014

«Астана Опера» театры опералық және балеттік студияға балалар қабылдайды

ҚазАқпарат , 22.01.2014

Blog post image«Астана Опера» театрының әкімшілігі опералық және балеттік студияға балаларды қабылдайды, деп хабарлады мәдениет ошағының баспасөз қызметінен.

«Балетті меңгеруге ниет білдіретіндер 8 бен 10 жас, опералық студияның үміткерлері 6 мен 15 жас, балалар хоры, оркестр, аспаптар ансамбліне келем деушілер 10 мен 16 жас аралығында болуы керек. Бірінші кезекте музыкалық қабілетке және музыкалық білімге мән беріледі», -  делінген хабарламада.

«Астана Опера» академиясы балалар студиясының менеджері Майя Бекназардың атап өтуінше, театрдың опералық студиясы балалар хоры мен камералық оркестрдің әртістерін дайындайды. «Дәріс балаларға сахна әлемінің қыр-сырын толық таныстырып, өнерлерін қобалжымай-ақ көрсетуді, актерлік және шешендік өнерді, пластиканы меңгеруді және өз әріптестері - студияның жас таланттарымен достасуды үйретеді. Актерлік шеберлікке икемделудің арқасында адам шығармашылық еркіндігіне, әрқилы әрі толыққанды тілдесуге жол ашады», - деді ол.

Білім алудың қосымша үлгісі болғанына қарамастан студияға қатысушылар кәсіпқой әртістердің деңгейіне сай келуге мүмкіндік беретін дайындықтан өтеді.

Балалар тек дәріс алып қоймайды. Балалар хоры мен аспапшыларды жасы үлкен әртістермен бірге «Астана Опера» театрының опералық спектакльдерінің қойылымдары мен концерттеріне, сондай-ақ балалардың жеке спектакльдеріне қатыстыру жоспарда бар.

Марлан Жиембай

 
0
136
0