Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:45, 03 ноября 2008

Адамдардың әлемді тануы

Blog post image

«Зағиптар мен піл»

 

«Таулардың арғы бетінде барша тұрғындары зағип үлкен қала  болды. Бір күні әлдебір жат жұрттық патша өз әскерлерін қаладан қашық емес жазықтыққа лагерь ретінде орналастырды, оның әскерінде көптеген шайқастарда даңққа бөленген ірі әскери піл болды. Ол өзінің түрімен ғана жаулардың зәре-құтын қашыратын. Қала тұрғындарының бәрі: бұл не піл дегенді білуге шыдамсызданады. Және де көп кешікпей соқырлар қауымының бірнеше өкілдері бұл мәселені шешу үшін, патша лагеріне баруға асықты. Пілдің қандай болатындығы туралы титімдей түсінік иеленбеген олар пілді жан-жағынан сипалауға кірісті. Бұл кезде әрбірі оның бір бөлігін сипалау арқылы енді бұл мақұлық жөнінде барлығын білемін деп шешті.

Зағиптар қайтып оралғанда, оларды тағатсыздана күткен қалалықтар тобыры қоршап алды. Терең түсініксіздікте болған зағиптар қателескендерден шындықты білуге ынтықты. Соқыр сарапшылардан бір-бірімен киліге пілдің түр-сипаты туралы сұрастырып, олардың түсініктерін тыңдады. Пілдің құлағына қол тигізген адам: «Піл - бұл кілем сияқты үлкен, кең және түкті»,- деді. Тұмсығын сипаған адам: «Піл туралы менде нақты мәлімет бар. Ол тура іші қуыс, қорқынышты және күйреткіш құбырға ұқсайды»,- деді. Аяғы мен табанын сипаған үшіншісі: «Піл бағана сияқты күшті де мықты» деп қарсылық білдірді. Олардың әрқайсысы пілдің көптеген мүшелерінің тек біреуін ғана сипап байқады. Және әрқайсысы оны қате қабылдады. Тұтасты қамтуға олардың ақылы жетпеді, өйткені білім зағиптардың серігі бола алмайды. Олардың барлығы піл туралы елестетіп көрді, және де барлығы бірдей ақиқаттан алыстады. (Идрис Шах)».

 

 

0
1008
3