Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:02, 21 января 2014

Сағыныш, сағым, жылдарым

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Сағыныш, сағым, жылдарым,

Көбеді-ау өзіңе айтарым.

Тізбектеп жинаған, мұңдарым,

Қиналды-ау, қайтейін, бұл жаным.

 

Күйдіріп барады, өкініш,

Айта алмай саған, мұңымды.

Өзіңе жолдадым, өтініш,

Түсінсең енді, жанымды.

 

Әрине, бәріне шыдармын,

Сол кешті, есіме алармын.

Тағдырдан, бір шешім сұрармын,

Болсаңда, мен үшін, мұңарым.

 

Бұл сезім, жауапсыз не керек?

Соқпаса егіз боп, бұл жүрек.

Не үшін, іздеумен мен әлек?

Бұл тағдыр, сенімге не демек?

 

Есімде қаларсың, жылдарым,

Сақтармын, боларсың тұмарым.

Қайтейін, болмадың сен жарым,

«Хош, сау бол» - ендігі айтарым.

0
547
1