Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:24, 20 января 2014

«Барыс» қатарынан екінші рет жеңіліс тапты

Барыс
Астанада «Донбасс» хоккей клубын қабылдаған «Барыс» 2:6 есебiмен жеңiлiс тапты.

Бұл — жергiлiктi хоккейшiлердiң осымен өз айдынындағы қатарынан екiншi жеңiлiсi. Бұның алдында қазақстандық команда хорватиялық «Медвешчактан» ұтылып қалған болатын.  Бүгiнгi матчқа келетiн болсақ, астаналықтардың сапынан Кэм Баркер мен Найджел Доус қарсыластар қақпасына гол салды. Дегенмен бұл украиналық «Донбассты» жеңуге мүмкiндiк бермедi. Жеңiлiс тапқанымен «Барыс» плей-офф кезеңiне әлдебұрын шығып қойғандығын да еске саламыз.

Келесi кездесу 20 қаңтар күнi Астанада минскiлiк «Динамо» клубына қарсы өтеді.

АСТАНА.  ҚазАқпарат —   Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
137
0