Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:50, 17 января 2014

ҚР кеден органдарындағы тағайындаулар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымына Ерлан Ролланұлы Өмірзақов тағайындалды.

Тағайындалғанға дейін ол, Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымында болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымына Қайрат Кәрімұлы Жұмағұлов тағайындалды.

Тағайындалғанға дейін  ол, Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымында болды.

Аумақтық кеден органдарының басшыларын тағайындауды және босатуды Комитет кадрлар ауыстыруды және жұмыс тиімділігін жақсартуды көздеу шеңберінде жүргізеді.

Кадрларды ауыстыру басқа да аумақтық органдарда жүргізіледі және құқық қорғау қызметі бойынша, кедендік төлемдерді және республикалық бюджетке салықтарды төлеу, сондай-ақ кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша тапсырмаларды орындау бойынша департаменттердің жұмыс көрсеткішін жақсартуға бағытталған.

 
0
369
0