Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті өмірден өтті

Kazsport agent 2014 M01 16
126
0
0
0

WBC басшысы Хосе Сулейман өмірден өтті, деп хабарлады lenta.ru. Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Хосе Сулейман Лос-Анджелестің ауруханасында 83 жасына қараған шағында дүниеден...

Хосе Сулейман

WBC басшысы Хосе Сулейман өмірден өтті, деп хабарлады lenta.ru.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Хосе Сулейман Лос-Анджелестің ауруханасында 83 жасына қараған шағында дүниеден озды.

Сулейманның ұлы Маурисионың айтуынша, бокс ұйымының жетекшісі ұзаққа созылған сырқатқа шалдыққан. Кардиологиялық ауруға байланысты ол өмірінің соңғы айларын ауруханада өткізген.

WBC ұйымы жетекшілерінің қазасы жайлы ақпаратты растап, Сулейманды «бокстың әкесі» деп атады.

 

Оцените пост

0