Akparat 2014 M01 16
2676
6
3
0

Оны анықтау тек Сіздің қолыңызда! «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 19 қаңтар күні сағат 21:35-те тікелей эфирде «Қазақстан дауысы» жобасының ақтық сыны! Төрт үміткердің өнерін бұл жолы тек көрермен...

Оны анықтау тек Сіздің қолыңызда!

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 19 қаңтар күні сағат 21:35-те тікелей эфирде «Қазақстан дауысы» жобасының ақтық сыны!

Төрт үміткердің өнерін бұл жолы тек көрермен бағалайды.

Бірнеше айға созылған ән бәйгесіне еліміздің әр өңірінен небір күміс көмей әнші қатысты. Жобаның төрт тәлімгері осы таланттардың арасынан нағыз дарындыларды өз тобына іріктеп алды.

12 қаңтарда тікелей эфир кезінде әр топтан 8 үміткер өнер көрсетті.

Нұрлан Албанның тобынан Шахаризат Сейдахмет тәлімгерінен 60 пайыз дауыс алып, көрермен көп дауыс берген Таңатты басып озды.

Ал Алмас Кішкенбаевтың тобынан тәлімгердің 60 пайыз дауысын алған Тимур Омаров ортақ қорытынды бойынша 104,5 пайыз жинап, 95,5 пайыз алған Бердібек Құлғараевтан озық шықты.

Алайда, кейбір үміткерлер тәлімгерінен төмен пайыз алса да, көрерменнің қолдауымен ақтық сынға өтті. Мадинаның тобынан Роза Мұқатаева тәлімгерінен 40 пайыз алса да, ортақ қорытынды бойынша 107,3 пайыз жинап, 92,7 пайыз дауысқа ие болған Мархаба Сәбиевадан алға шықты.

Тап осылай Жанғали Әбішев те тәлімгерінен 40 пайыз дауыс алғанымен, ортақ қорытынды бойынша 102,2 пайызға ие болып ақтық сынға жол тартты. Ал Батырхан 97,8 пайызбен келесі кезеңге өтпей қалды.

Осылайша, «Қазақстан дауысы» атағына таласатын 4 өнерпаз анықталды.

Енді 19 қаңтар, жексенбі күні ақтық сында олар сахнада еліміздің әйгілі әншілерімен және өз тәлімгерлерімен бірге қосылып ән шырқайды. Олардың өнерін, бұл жолы тек көрермен бағалайды.

Бес миллион теңге мен «Universal» дыбыс жазу компаниясының келісімшарты кімге бұйырады? Оны анықтайтын - Сіздер.

Қымбатты көрермен, қапы қалмай дауыс беріңіз! Сіздердің пікірлеріңіз үміткерлердің жобадағы тағдырын шешеді. Дауыс беру шарттарымен мына жерден таныса аласыздар.

 

Оцените пост

3

Комментарии

0
мен Қазақстан даусы байқауының еліміздің талантты жастарының бағын ашатын бірден-бір ірі жоба деп ойлам және кәміл сенемін.Бұл жоба алдағы уақытта жалғасын тауса талантты жастардын бағын ашады деп ойлаймын
0
Дұрыс айтасыз, қазақ эстарадасына жаңалық керек. Сол жаңалықты осы байқаудан шыққан жастар әкеледі деп ойлаймыз.
0
Ұлттық арнадан көреміз осы жексенбіде, бұйырса!!!
0
Маған Розаның дауысы ұнайды.
0
19 қаңтар "Қазақстан" ҰТА-дан
21:35 «Қазақстан дауысы». Финал. Тікелей эфирде өтеді.
Показать комментарии
Дальше