Жамбыл облысының Қаржы полициясы ірі көлемдегі темекі өнімдерін ұстады

Жамбыл облысының Қаржы полициясы департаменті заңсыз кәсiпкерлiк фактісі бойынша аз-т Т-ға қатысты қылмыстық іс қозғады. Атап айтқанда, 2013 жылғы желтоқсанда Қаржы полициясы қызметкерлері...

Жамбыл облысының Қаржы полициясы департаменті заңсыз кәсiпкерлiк фактісі бойынша аз-т Т-ға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Атап айтқанда, 2013 жылғы желтоқсанда Қаржы полициясы қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Меркі ауданы, Андас батыр ауылындағы үйлердің бірінде «Мерседес-Бенц» автокөлігінде «Беломор канал» – 500 дана, «Bond» – 2 300 дана, «Imperial Classic» – 3 000 дана, «West» – 500 дана, «Esse» – 500 дана, «Sobranie» – 1 000 дана, «LD» - 1 000 дана, «Sovereign» – 5 000 дана акцизделетін тауар өнімдерін ұстады.

Жамбыл облысы бойынша сот сараптамасы институтының сот - тауарлық сараптамасының қорытындысына сәйкес, ұсталған акцизделетін тауар өнімдерінің бағасы 2 млн. теңгеден астам ақша-қаражатты құрайды.

Аталған азамат табылған акцизделетін тауар өнімдері арқылы, яғни кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей, рұқсат және лицензиясыз, лицензиялау шарттарын бұзып жұзеге асыру арқылы, акцизделетін тауарларды сақтау, тасымалдау және өткізу барысында мемлекетке ірі мөлшерде зиян келтіргені анықталды.

Оцените пост

0
Дальше