место в рейтинге
  • 57264
  • 0
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қара домбыраны қасиет тұтқан жан

Айқын, 13.01.2014

Дәстүрлі әнші, термеші, домбыра жасау шебері, Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Ә.Қашаубаев атындағы конкурстың дипломанты Әбдікәрім Мәметұлы Зұлынов – қазақ өнерінің дамуына қолынан келген үлесін қосып жүрген зиялы азамат.

Өнерге бай Семей өлкесінде туып-өскен Әбдікәрімнің әкесі совхоздың бас шопаны болып еңбек еткен. Өнерлі өлкеде туып, оның үстіне қойшының баласы болған соң, кең далада әрі оңашада жүріп ән салмау, әнге құштар болмау мүмкін емес. Әкесіне көмекші шопан болып жүретін Балтабай, Болат деген азаматтардың домбыра шерткеніне, ән айт­қан­дарына қарап, өзі де бала күнінен ән жат­тап, оңашада неше түрлі күй төгілткен. Қазақ радиосына құлағын төсеп, биік өнерге құлаш сермеген. Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Мәдениет Ешекеев, Ғарифолла Құр­манғалиев, Ләззат Сүйіндікова, Гүлбар­шын Ақпановалардың дауысына елтіп, мек­тепке барғанша 5-6 әнді жатқа біліпті. Семей облысы Шұбартау ауданының қазіргі Айқыз ауылында сегіз жылдық мектепте әнші бала атанған.

Бірақ ауылдан ұзап оқуға жағдайы келмеді, үйдің үлкені болғандықтан кіші ба­уыр­ларына бас-көз болуына тура келді. Де­ген­мен бойындағы асыл өнері тыныш жатқыз­-бай, Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищеге жетелеп, өз дарынымен оқуға түсті. Баланың дарынын ұстаздары да байқап, облыстық филармонияға «дауысы керемет» деп ұсынды. Жастайынан бағы ашылып, Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбанов, Бақыт Үдербаев, Тұрсынғазы Ра­химов, Келденбай Өлмесеков сынды Семей өңірінің саңлақтарымен бірге ән айту ба­қы­тына ие болды, дәстүрлі ән мектебінің май­талмандарының қолында шыңдалды.

Фи­лармонияда Мәдениет Ешекеевтің тобында болып, сахнада жүріп-тұруды үйренді. Болат Сыбанов ағасына еліктеп шығарған әндерін тікелей өзінен жатап алып, орындағанда Бо­-лат ағасы талай рет риза-шаттыққа бөленген. 1981 жылы Респуликалық эстрада цирк сту­дия­сының ән мектебіне шәкірт болып қабыл­данды. Онда ұстазы болған Жәнібек Кәрме­новтен білім алып, халық композиторлары­ның, Абай, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Естай, Балуан Шолақтың ән­дерін нақышына келтіріп орындауды үйренді. Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің же­текшілігімен 1982 жылдың желтоқсан айында «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ұлт-аспаптар оркестрі құрылып, құрамына Ермек Әбілтаев, Майгүл Қазтұрғанова, Нұр­бек Әділбековтермен бірге студияда оқып жүрген студент Әбдікәрім де шақырылған.

Сөйтіп, Нұрғиса Тілендиевтің сынынан өтіп, ән салу бақытына ие болды. 1983 жылы әкесі ауылына шақыртып, амалсыз үлкен сахнаны ауылдағы мәдениет үйінің сахнасына айыр­бастады. Бауырларына көмек қолын созумен жүргенде, өнерден жартылай алшақтады. 1986-1995 жылдары Семей облысы Аягөз ауданының мәдениет бөлімінде қызмет атқа­рып, көптеген сайыстарға қатысып, әнші-тер­меші ретінде жеңімпаз атанды.

1987 жылы «Ән домбыра» атты концерттік бағдарлама құрып, талантты әншілер Нұрқасым Мұстафаев, Аза­мат Әдірбековтермен бірге Шығыс Қазақстан өңірін, Семей, Талдықорған облыстарын ара­лап, халыққа өнер көрсеткені өмірдің үлкен бір белесі болды. Әбдікәрімнің жиі еске алып, жадынан шығармайтыны – әріптес ағасы марқұм Келденбай Өлмесеков пен досы марқұм Санақ Әбеуовтер. Өнердегі, өмірдегі достары Бақыт Үдербаев, Амангелді Шікенов, Тұрсынғазы Рахимов, Толғанбай Сенбаев­тармен қайда болса да бірге.

Әбдікәрім 1995 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, әртүрлі салада жұмыс жасап көрді. Бірақ қазақтың киелі қара домбырасы өзіне тартты да тұрды. Бұрындары кеңес за­манындағы зауыттан шыққан домбыралар­-дың үні шықпағандарының бет қақпағын ашып-жауып жүретін. Сол 1995 жылдан бастап домбыра құрауға шындап кірісіп, бетін жабу, мойнын түзу шығару сияқты құпия сырларын үйренді. Алғашқы жасаған домбыраларын Қайрат Байбосынов ағасы көріп, бірінші болып қол ұшын беріп, Алматыда домбыра жа­сау шеберханасын ашып бергені бар.

Көп ұза­май жанына 5-6 жігітті жинап, жақсы жетістіктерге жете бастады. Домбыраларын айтыс­кер ақындар, дәстүрлі әншілер сұра­ныспен ала бастаған. Өзі дәстүрлі әнші бол­ғандықтан қандай домбыра қай әншінің дау­сына лайықты екенін бірден біліп, соған икем­­деп жасап отырды. Кейіннен «Қазақ­концерт» бірлестігінің директоры Алтынбек Қоразбаев шақырып алып, ол кісімен бірге 5-6 жылдай еңбек етті.

Алматының біраз бұрышында Әбдікәрім­нің шәкірттерінің шеберханалары бар. Сол жерлерде Нұрғалиев Құрманғазы секілді тері шеберін, Оразалин Ержан, Халықов Айбол секілді домбыра жасау шеберлерін тәрбиелеп жатқан жайы бар. Домбыраларының алды шетелдерге кетіп, Қытай, Түркия, Малайзия т.б елдерден тапсырыспен алдырып жатқан­-дар да кездеседі. Өнер ұжымдары, консер­ва­тория мен музыкалық колледж, өнер мек­теп­тері де тапсырыстар береді. Ендеше, Әбдікәрім се­кілді өнерлі жандар тұрғанда, қазақ даласын­-да қара домбыраның үні тоқтаусыз күмбірлей беретіні анық.

Ақтан ҚОҢЫР

 
МК РК Mki_gov
15 января 2014, 18:03
177

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 21915
  • 64
Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Концерт Рианны всё-таки состоится летом в рамках культурно-зрелищных и спортивных мероприятий ЭКСПО-2017. Рианна крута, с этим никто не спорит. Но соберёт ли «Астана Арена» 30 тысяч зрителей при...
openqazaqstan
29 марта 2017 / 14:29
  • 18788
  • 15
КТЖ подарило iPhone мошеннику за краденную фотографию

КТЖ подарило iPhone мошеннику за краденную фотографию

Украл в супермаркете — отправился в полицию. Украл фотографию — выиграл новенький iPhone 7 от КТЖ. Вот такая нехитрая получается история. Огромное спасибо Тамерлану Жумабекову, который обратил моё...
andche
вчера / 0:06
  • 12222
  • 22
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 5265
  • 0
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 5136
  • 41
Димаш, Головкин, Есентаева... О героях нашего времени – истинных и «картонных»

Димаш, Головкин, Есентаева... О героях нашего времени – истинных и «картонных»

В прессе, в соцсетях, на ТВ, во всём информационном пространстве Казахстана –заразная эпидемия. Что сказал Головкин, что съела Есентаева, что китайцы подарили Димашу...
openqazaqstan
вчера / 15:54
  • 4039
  • 21
Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Когда уже люди смогут самоутверждаться за счет своего интеллекта, энергии, познаний и настоящей красоты, а не за счет авторитетного вида и не менее авторитетного дяди?
Bookenova_smartass
28 марта 2017 / 18:28
  • 4277
  • 91
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 5094
  • 36
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 4067
  • 15