Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:52, 15 января 2014

Нурпаша Талыбов: «Баку оттары» «Арландардан» мықты»

Әзірбайжандық «Баку оттары» бокс клубының бас бапкері Нурипаша Талыбов

Әзірбайжандық «Баку оттары» бокс клубының бас бапкері Нурипаша Талыбов өз жерімізде «Астана арландарын» жеңеміз деп желпініп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда «Баку оттары» өз жерінде Куба «Жуасытушыларын» қабылдап, 2:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Енді 18қаңтарда Губа қаласында «Астана арландарымен» кездеседі.

—      Кубалықтарға қарсы кездесуде алдымен екі жұдырықтасуда жеңіліпқалдық та, артынша есепті теңестіре алдық. Өкінішке қарай, ауыр салмақта Эрисланди Савонға шамамыз жетпей қалды, - деп azerisport.com сайтына сұхбат берген Нурпаша Талыбов «арландарды» жеңетіндіктеріне сенім білдірді. — Енді біздің келесі қарсыласымыз — «Астана арландары». Осыған орай, 18 қаңтарда Магомедрасул Меджидов шаршы алаңға шықса екен деп үміттеніп едім, бірақ ол әзірге дайын емес. Ал Арысланбек Махмудов соңғы жаттығулардың бірінде жарақаттанып қалды. Сондықтан, аса ауыр салмақ дәрежесінде Қажы Муртузалиевке үміт артып отырмыз. Одан бөлек, Эльвин Мамишзаде, Альберт Селимов, Магомед Нуридинов және Рамазан Магомедов жұдырықтасады. Иә, «Астана арландары» өте қарымды команда. Алайда, біз олардан мықтымыз. Яғни, жеңіске жететіндігімізге сенеміз.

Өз кезегінде «Астана арландары» Ілияс Сүлейменов, Самат Бәшенов, Мейірім Нұрсұлтанов, Эхсан Роузбахани және Руслан Мырсатаевқа сенім артып отыр. Қос команда боксшыларының әлеуеттері жайлы толығырақ мына жерденоқи аласыздар.

 
0
185
0