Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:28, 14 января 2014

Жаңартылған «Талдықорған» әскери ұшақжайында ұшулар жалғасады

Blog post imageБүгін Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінде мен авиатехникалар мен әскери қызметшілердің жаңартылған «Талдықорған» әскери ұшақжайына қайта қоныстануы басталды. Жеке құрам мен авиациалық техника ұшу алаңының толық жөнделуінен соң туған авиабазаға қайтып оралды.

 
45 жыл бойы пайдаланылған әскери ұшақжайға бірінші рет қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.
ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан әскери әуе күштерінің ұрысқа қабілеттілігіне және әскери авиацияның ұшу қауіпсіздігіне баса назар аударып отырады. Қорғаныс ведомствосы басшысының тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстары барысында ұшу-қону алаңы толық ауыстырылды. Алаң жақтауларына күрделі метрологиялық жағдайларда және түн мезгілінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа жарық беруші жабдықтар орнатылды.
Жаңартылған соң әскери ұшақжайдың мүмкіндігі артты. Бұл сипаттамалар ұшу алаңына тек әскери авиацияны ғана емес, басқа да жүк көтергіштігі жоғары әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік берді.
Бұрын хабарланғанындай Талдықорған гарнизонындағы әскери ұшақжайын жөндеу жұмыстары 2013 жылғы сәуір айында басталған болатын. Жөндеу жұмыстары кезінде авиабазаның жеке құрамы мен авиациалық техникасы «Жетіген» ұшақжайына көшірілді. Мұнда әскери қызметшілер берілген тапсырмалар мен еліміздің әуе шебін қорғауды жалғастырды.
Әскери бөлімнің ұшу және техникалық құрамы негізгі авиабазадан жырақта  жүрсе де ҚР Қарулы Күштері авиациясы тартылған барлық жаттығуларға қатысуда белсенділік танытты.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
171
0