Теннистен қысқы чемпионат жеңімпаздары анықталды

Kazsport agent 2014 M01 13
139
0
0
0

Қазақстанның теннистен қысқы чемпионаты аяқталды, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен. Чемпиондық атақты Денис Евсеев ұтып алды. Финалда ол Тимур Хабибуллинді 6:1, 6:3...

Теннистен қысқы чемпионат жеңімпаздары

Қазақстанның теннистен қысқы чемпионаты аяқталды, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Чемпиондық атақты Денис Евсеев ұтып алды. Финалда ол Тимур Хабибуллинді 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Осыған дейін жартылай финалда Денис Евсеев Қайсар Бекимовтен, ал ширек финалда Сағадат Аяптан, оған дейін Қасымбек Ақжаркенов пен Илья Павленкодан басым түскен еді.

Жекелей бәсекеде қыздар арасында Екатерина Ключева жеңіске жетті. Финалда ол өзінің жұптасып ойнаудағы серіктесі Александра Гринчишинамен кездесті. Қорытындысы -5:7, 6:1, 6:3.

Сондай-ақ жекелей бәсекедегі финалистер Екатерина Клюева мен Александра Гринчишина жұптасып ойнауда да ерекшеленді. Финалда олар Анастасия Епишева мен Екатерина Губанованы жеңді. Кездесу қорытындысы — 6:2, 3:6, 11:9.

Ерлер арасында жұптасқан ойында Тимур Хабибулин мен Дмитрий Попконың мерейі үстем болды. Қорытынды матчта олар Алексей Кедрюк пен Денис Евсеевті сүріндірді — 6:2, 3:6, 11:9.

Айта кетер жайт, Астанадағы ересектер арасындағы қысқы чемпионаттан кейін бірден осы жылғы екінші ҚР турнир-чемпионаты басталды. Ол 18-ге дейінгі жас аралығында өтеді және 18 қаңтарға дейін жалғасады.

 

Оцените пост

0