Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:43, 13 января 2014

«Алтын доп» Криштиану Роналдуға бұйырды

Криштиану Роналду

Цюрихте ФИФА жылды қорытындылап, үздіктерді марапаттады.

«Алтын доптың» иегері де анықталды.«Алтын доп» бұл жолы «Реал» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға бұйырды. Марапатау рәсімінде Роналду көзіне жас алып, «Реал» және Португалия құрамасына алғысын білдірді.

- Бұл менің әріптестерімнің және отбасымның жеңісі. Мен бұл жеңісті ұзақ күттім, — деді ол Цюрихте.

Қорытынды:

Криштиану Роналду — 27.99%

Месси — 24.72%

Рибери — 23.39%

Ибрагимович — 5.29%

Неймар — 3.17%

Иньеста — 2.08%

Ал әйелдер арасындағы «Алтын доп» германиялық қақпашы Надин Ангерерге бұйырды. Ол Германия құрамасы сапында Еуропа чемпионатын ұтып алды.

ФИФА футбол королі Пелені «құрметті Алтын доп» иегері ретінде марапаттады, деп хабарлайды «Аламан».

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
357
0