Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:59, 03 ноября 2008

Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық

Ескерту: жұмыс уақытындағы көңіл-күйін бұзғысы келмейтіндерге оқымай-ақ қоюға кеңес беремін.

Дүйсенбі сайын жұмыста бас қосып, өткен аптаның жаңалықтарымен бөлісетінбіз. Бұл жолы да солай болды. Бір әріптесіміз КТК арнасынан «Жас қазақтағы» Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық тақырыбына орай арнайы хабар әзірлегенін айтты. Алакөл ауданындағы мектепте болған айуандықты егжей-тегжей қайталамай-ақ қояйын. Жауқазынды қорғайтын арнайы заңгер керектігі, әйтпесе оны жылы жауып тастауға қам жасалып жатқанын да хабарлағанбыз. Сол қыздың анасы бұл дүниеден әділеттілік таба алмай қорланып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болыпты. Қазір ауруханада жатқан көрінеді. Сымбаттың өзін де экраннан көрсетті дейді білетіндер. Ал әкесінің сыртынан іс жинап жатыр екен. Астанана жасақталған арнайы комиссия істің ақ-қарасын ажыратуды емес, тезірек жауып тастауға мүдделі тәрізді.

Сымбаттың ар-абыройын таптағандар 9-сыныпты бітіріп, жан-жаққа кетіп қалды. Ешқайсысы да жазаланбаған. Сымбат болса, не әрі қарай оқуын жалғастырмады. Не колледжге де түспеді. 9-сыныпты бітірді деген аттестатын мектеп басшылығы бермей қойған. Осы аптада бұйыртса, «Жас қазақ» осы тақырыпқа қайыра оралмақ ниетте.

Осы оқиғаға байланысты бір топ оқырманның пікірімен мына жерден таныса аласыз.

0
345
2