Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:50, 10 января 2014

Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары балар үйінде кездесу өткізді

Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.  Кездесу кезінде жетім-балаларға сыйлықтар тапсырылып, қызықты концерттік бағдарламаларын ұсынылды.
Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери мамандар даярлайтын оқу ордасының 1-3 курс курсанттары Бағанашылдағы №1 балалр үйінің футбол командасына қажетті спорт киімдері мен бейне және аудио аппаратураларын сыйға тартты. Сонымен бірге институттың көркемөнерпаздар ұжымы балаларға арнап қызықты ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Балалар алдында «Студент көктемі-2013» және «Жас ұлан» фестивалінің жеңімпаз курсанттары, институттың Көңілді тапқырлар  клубы  құрама командасы, ақын-курсанттар өз өнерлерін көрсетті.
Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 186 жасөспірім тәрбиеленуде. Курсанттар мұндағы тәрбиеленіп жатқан балалардың қиын тағдырларына қарамастан өте мейірімді әрі болашаққа сеніммен қарайтындықтарын атап өтті.
Болашақ офицерлер аталған балалар үйінің тәрбиеленушілерімен тез тіл табысып, жоғары сынып оқушыларын Құрлық әскерлерінің Әскери институтына қонаққа шақырды. Сондай-ақ, ай сайын спорттың әр түрінен бірлесіп жарыстар өткізіп тұруға шешім қабылданды.
 
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
311
0