Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:40, 10 января 2014

«Сен жалғыз емессің»

«Егемен Қазақстан», 10.01.2014

Blog post imageҚоғамы қайырымды, ортасы мейірімді болса, жетім бала да, бағусыз қарт та жалғызсырамайды. Ауыр тағдыр айналадағы жандардың шуағынан жылынып, көңіл сарайы нұрлана түседі. Маңғыстаулық өнерпаздар ел арасындағы жетімдіктен жоқ-жітіктікке душар болған балаларға қолдау көрсетуді қолға алды.

Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасы «Сен жалғыз емессің» деп аталды. Облыстың жеті аудан, қалаларынан жиналған 7 оқушының бірі әнші болса, бірі биші, бірі спортшы, енді бірі оқу озаты. Жас өмірлеріне өнер мен білімді серік етуді мақсат тұтып, жастайынан ізгілікке ұмтылған бұл балалар ата-ана жылуынан ерте айырылғандар.

– Күнделікті қым-қуыт тірлігімізде, жұмыс барысында жетім балаларды жадымыздан шығармауға тиіспіз. Ата-ана мейірімінен айырылғанмен, олар қоғам жылуынан айырылмауы қажет. Сондықтан, биылдан бастап балалардың қасынан табылып, өміріне сәл де болса  қуаныш сыйлау мақсатында осы шараны ұйымдастыруды мақсат еттік, – дейді Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Базарбаев.

Балаларға жаңа жылдық сыйлықтармен бірге, ноутбуктар тарту етілді. Әр балаға сыйлықты өзінің бейіміне сай белгілі өнер адамдары мен спортшылар, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер табыстады.

Кім білген, бұл жеткіншектердің ата-анасы бар балалардың қолындағы  ноутбукқа қызығып, бір ұстап көрсем деген армандары болған да шығар. Енді олар қажет мәліметті өз компьютерінен іздеп, табатын болады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

 
0
520
0