Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:05, 09 января 2014

«Барыс» командасы «Торпедодан» ойсырай жеңiлдi

«Барыс» командасы «Торпедодан» ойсырай жеңiлдi
Астаналық «Барыс» Құрлықтық лигасының ашық бiрiншiлiгi аясында өткiзген кезектi матчта нижегородтық «Торпедо» клубынан ұтылып қалды.

Нижний Новгород қаласында өткен кездесу 7:2 есебiмен мұз айдыны иелерiнiң жеңiсiмен аяқталды. Торпедалықтар аталмыш ойынның 7-минутында бiрiншi болып есеп ашты. Гол авторы — Денис Паршин. Дегенмен бiрiншi айналымның соңына дейiн Талғат Жайлауов кеткен есенi қайтарып, есептi теңестiрдi.
Екiншi жиырма минуттықта айдын иелерi Виталий Еремеевтiң қақпасына 4 гол салып кеттi. Оған «Барыс» тек бiр шайбамен ғана жауап қайтарды. «Торпедо» сапынан Яркко Иммоне, Сакари Салминен, Владимир Галузин пен Войтек Вольский ерекшелендi. Ал астаналықтардан Найджел Доус гол авторы атанды.
Үшiншi айналымның басында Владимир Денисов қонақтарға алтыншы шайбаны салды. Осыдан кейiн «Барыс» клубының бас бапкерi Ари-Пекка Селин команданың жас қақпашысы Дмитрий Малгинге мүмкiндiк берудi шешiп, оны Еремеевтiң орнына шығарды. Алайда клуб қатарына жаңадан қосылған дебютант торпедолық хоккейшi Михаил Григорьевтiң бағыттаған шайбасын ұстай алмады. Осылайша «Барыс» биылғы маусымда алғаш рет өз қақпасына 7 шайба енгiзiп алды.
14 қаңтар күнi Астанада өтетiн келесi ойында «Барыс» ойыншылары мәскеулiк «Спартакты» қабылдайды.

 
0
290
0