Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:00, 08 января 2014

Қарулы Күштерде жаңа оқу жылы басталды

Blog post image2014 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Жаңа оқу жылының басталуына орай ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен сабақта Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қарулы Күштердің басшылық құрамы алдында Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы мен Қорғаныс министрінің 2014 оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмаларын нақтылап өтті.

Осы күні әскери бөлімдерде жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар өткізіліп, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету, сондай-ақ, парк-шаруашылық күндері барысында жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, жауынгерлік есептоптарды жеткізу бойынша кешенді сабақтар өткізілді. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқару органдарының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамын жоғары жауынгерлік әзірлікке келтіру жұмысын үйлестіру мен жеке құрамның іс-қимылдардағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіретін болады.

«Кәсіпқой маман – армия негізі» деген жауынгерлік ұранмен өтетін биылғы жылдың ерекшелігі, оқу жылы бұрнағы жылдардағыдай қысқы және жазғы болып екіге бөлінбейді. Қаңтар айында жалауын көтерген жауынгерлік оқу жылы қазан айының аяғында мәреге жетеді. Сонымен қатар, Қарулы Күштердегі дербес құрамалар жаңа бағдарламаны меңгеретін болады. «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің және Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшыларының басшылығымен биылғы жылы бес бірдей бригадалық оқу-жаттығулары өткізіледі.
Тамыз айында Қазақстан Республикасының аумағында Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымы жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл - 2014» халықаралық оқу-жаттығулары өткізілетін болады. Оған ұйымға мүше бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Армения, Белоруссия және Қырғызстанның қарулы күштерінің жеке құрамдары қатысады. Сондай-ақ, алдағы қыркүйек айында қазақ жерінде кең көлемді «Таза аспан-2014» сияқты т.б. оқу-жаттығуларды өткізу жоспарда бар.
 
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
182
0