Байланыста «Жедел басқару орталығы»

dvd_sko 2014 M01 6
898
0
0
0

Жаңа жылдық мерекелер кезінде облыстық полицейлер күшейтілген режімде жұмыс атқарды. ІІД жедел басқару Орталығы қызметкерлерінің үйлестіруімен, қоғамдық тәртіпті күзетуге күн сайын 600-ден астам...

Жаңа жылдық мерекелер кезінде облыстық полицейлер күшейтілген режімде жұмыс атқарды. ІІД жедел басқару Орталығы қызметкерлерінің үйлестіруімен, қоғамдық тәртіпті күзетуге күн сайын 600-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды.

Соңғы жылдары жедел басқару орталығы полицейлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жолындағы көмегі орасан зор. Өткен жылдың өзінде, Орталықтың бейне камералары арқылы 9900 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олардың 6300-ден астамы жол жүру ережесін бұзушылық.

«Әдетте жаңа жылдық мерекелер кезінде құқықбұзушылықтардың орын алу қаупі басым болатындықтан, орталық қызметкерлері күшейтілген режімде қызмет етті. Дегенмен, 2014 жылдың жаңа жылдық түнінде облыс аумағында жағдай қалыпты болды»-деп, хабарлады Петропавл қ. ІІБ жедел басқару орталығының бастығы, полиция подполковнигі Дәулет Теміров.

Мереке күндері тек өздігінен аяқтарын сүйрей алмайтын, өз аты-жөндерін атай алмайтын ғана маскүнемдер тәртіп сақшыларының қолдарына ілінді. Олар үйлеріне немесе ауруханаларға жеткізіліп отырды. Ерекше назарға алынған тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар, ІІБ қабылдау-тарату бөліміне жеткізіліп, құжаттары мен денсаулықтары тексерілді. Ал облыс жолдары, жол-патрульдік полиция нарядтарымен қатаң бақыланды. 31 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында тіркелген қылмыстардың басым бөлігі – мүлік ұрлығы. 89 қылмыстың 63-і кезекші тәуліктерде ашылды. Бір қызығы, барлық заң бұзушылықтар ішімдікті шамасынан тыс пайдаланғандықтан орын алған.

Жан Айтмағанбетов,

СҚО ІІД баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше