Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:21, 03 января 2014

Ғашықтық анықтамасы

Жорымаған жарым ойды жаман атқа,
Пендеміз ғой шүкір делік қанағатқа.
Алла сыйлар ғашық етіп біреуге,
Сезім нұрын сынақ қылып жамағатқа.

Кейде біздер қаламыз ғой санап жатқа,
Үңілмей - ақ тереңінен махаббатқа.
Шын сұлулық жүзде емес, жүректе,
Әсемдікпен жеткізетін ғаламатқа.

Жаратқан соң жер бетінде жан қылып, Жүрек соқса ғашық болу заңдылық. Ғашық сыры жеткізетін өмірді,
Аскан көрік, арай - шуақ таң қылып.
ҒАШЫҚТЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Ғашық болмай жан нұрланып, қалмас еді,
Көңіліміз сырды шертіп алмас еді.
Ғашық болмай ел билеген Шах Жахан,
Таж - Махалды сүйгеніне салмас еді.
Махаббатсыз жүрекке жыр қонбас еді,
Пейіліміз пәк гүлдерге толмас еді.
Махаббатсыз ақын емес Абайлар,
Мұқағали мәңгі ғашық болмас еді.

Ғашықтық та сезім болар лайықты,
Ынтық қылған Ақбөбекке Қайыпты.
Махаббат деп құрбан болған Қозылар,
Болмас сірә, Хақ алдында айыпты.

Махаббатпен ұлылық та аттас еді,
Қайғы болып көкейіңе батпас еді.
Ғашық болмай шалыс баспас екі дос,
Сүйгенім деп бірін - бірі сатпас еді.

Махаббатсыз жанға жырлар жақпас еді,
Санамызда сарай болып жатпас еді.
Қыз Жібекке ғашық болған Бекежан,
Төлегенді ту сыртынан атпас еді.

Ғашық болмай өмір мәнін ұқпас еді,
Пенделерің көңіліңді жықпас еді.
Жан жарына кырындаган Дантеспен, Улы Пушкин жекпе - жекке шыкпас еді.

Ғашық болмай тағдыр дәмін татпас едік, Жаналықпен үміт отын жақпас едік.
Тіршіліктің махаббатсыз мәні жоқ,
Қасиеттің қоңырауын қақпас едік.
МАМБЕТ БИГЕЛДІ

0
300
0