• 2034
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Сендерде қалыңмал қанша?» немесе оңтүстіктің тойлары туралы аңыз

Жол үстінде немесе кез-келген уақыт өтпейтін басқа жерде кездесіп қалған таныс емес адамдардың әңгімесі бір: "сендерде шалбарды не дейді?", "әпше деген кім?", "қоңыраттың қыздары жақсы/жаман", тағысын тағы. Осылармен қатар, талай купе мен вагонның қабырғасын дірілдеткен қахарлы тақырып - оңтүстіктегі үйлену үрдісі.

Өзге өңірді адамдары таңқалған көздерін жыпылықтатып қойып, қалыңмал бар ма, алып қашу деген қалай, келін таңғы 6-да тұра ма деп тергеп сұрай бастайды. Ал батылдары тіпті өзі көзімен көріп, қолымен қойғандай етіп, жаңа түскен келіннің ерте тұрып, есіктің алдын сыпырып жүргенін, күн сайын атасы мен күйеуінің аяғын жуатынын немесе танымайтын қызды ақсақ жігіттің басып алып қашып кеткенін сипаттап отырады.

Әңгіме негізінен ОҚО тұрғындары жайлы болғанымен, Қызылорда облысының өкілі - маған да мұндай сауалдар қойылғаны анық. Осы блогта аңызға айналған алып қашу мен үйлену салты туралы бүкіл шындықты ашқалы отырмын )))

Бірден ескертерім, мұндағы дәстүрдің бәрі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тойларына негізделген, сондықтан Қазалыға немесе Шымкент жаққа қарай бірнеше шақырым ойыссаңыз, бәрі өзгеріп шыға келуі мүмкін.

Сіздердің көңілдеріңізді түсіргім келмейді, бірақ шындық солай: біздің аймақта танымайтын немесе кеше танысқан қызды алып қашу, өз еркінен тыс ұстап қалу деген жоқ! "Алып қашу" деген атауы жабайы естілгенімен, бұл үрдіс екі жақтың да келісімі бойынша алдын-ала белгіленіп (қыз жағының ер адамдары білмесе де, апа-жеңгелеріне бәрі мәлім), тек ұзату тойынсыз өтетін үйленуді білдіреді.

Яғни, келісілген уақытта жігіт өзінің достарымен келіп, жеңгесінің көмегімен жанына құрбысын ерткен қызды алып кетеді, одан соң жақын жердегі мейрамхана, бақтарда серуендеп, содан соң үйіне келін етіп түсіреді. Жігіттің туыстары қазанын қайнатып, шайын дайындап отырады, яғни, бәрі алдын-ала ескертілген. Келін есік аттасымен, бір топ адам қыздың үйіне жіберіледі. Ел ағалары бастаған бұл топ "кешірімші" деп аталып, болашақ келіннің отбасына жағдайды айтып, кешірім сұрауға аттанады. Әдетте олар да дайын отыратындықтын, кешірімшілер жетісімен, қарсы топ мұнда, яғни, жігіттің үйіне келеді. Олардың мақсаты - қыздың өз ауызынан келісімін естіп, жағдайдың дұрыс екенін көріп кету. Соңғы топтың атауы - қуғыншы. Бұлардың бәрі қазақтың ертедегі дәстүрінде бар салттар, оған қазақ әдебиетінің сарғайған беттері дәлел.

Қалыпты тойларда ертеңіне беташар рәсімі басталады. Осыған дейін жеке бөлмеде екі қабырға арасына жая тұтылған ақ мата - шымылдықтың арғы жағында отырған келін жұрт алдына шығып, сәлем салып, бетін ашады. Бұрын есік алдында жасалып, ал қазір мейрамханаларға көшкен бұл салт өздігінше мағынаға ие. Осы кішігірім той кезінде  келін өзінің болашақ туыстарымен танысып, оларға басын иіп, ізетін білдірсе, ағайын-туған жас келіннің бетінен сүйіп, батасын береді. Ал бет ашатын ақын жігіт ортаға қойылған табаққа ақша жинайды, табыстың тағы бір түрі - көрімдікті жеңгелері алып отырады.

Басты салт - құдалық кейде бөлек ұйымдастырылса, кейде тоймен қоса жасалады. Құдалықты жігіт жағы қыздың басты туыстарын күтіп, төрге шығарып қонақ етіп, сый-сияпат жасайды. Құдалықтың бір ерекшелігі - біздің өңірде бас құданың, яғни жігіттің әкесінің үйіне келген құданы өзге туыс-достары да қонақ етеді. Түсте келген құда бірнеше үйде немесе бірнеше мейрамханада қонақ болып, толығымен сыйлықтарға оралып, түн ортасында бір-ақ қайтады. Мұнда берілетін сый киіт деп аталады (менің ойымша кию, киім сөзінен пайда болған).

Жақында ғана арнайы киіт қою рәсіміне қатысып, ауыл салтын есімде бір жаңғыртып алдым. Үлкен бөлмеге екі жақтың әйел адамдары жиналып, қабырғаны бойлай отырады, ортадағы ашық алаңға сөмкелер қойылады. Бар мәселе сол сөмкелерде: оларда жігіт жағының қыз туыстарына беретін сыйлықтары бар. Олар тоғыздарға бөлінген. Мен көрген құдалықта жігіт әулетінің үлкен әпкесі не жеңгесі ортаға шығып, тоғыздарды ашып, бөліп, әр қонақтың алдына қоя бастады. Мысалы, "мынау бас құдаға" деп, бір тоғызды ашып, одан жағалы киім (пальто не шапан, тондар), қамзол, костюм-шалбар, маталар, орамалдар (жалпы саны 9) шығарып, бастапқыларын қыздың анасына, қалғандарын туыстарына таратып берді. Одан соң "мынау келініміздің үлкен апасы пәленшеге, үлкен ағасы түгеншеге, нағашысына, жиеніне, бөлесіне, жеңгесіне" деген ұзын тізім басталып кетті. Таң қалдырғаны - мұндай салттарда басты валюта ретінде мата жүреді, яғни өлшемі жобамен 2*3 м болатын түрлі сапа мен түсті маталар жоғары ликвидтілікке ие. Содан соң жігіттің әпкесі сөз алып, "достар тоғызы" деп бір сөмкені ашып, ондағы дәл осындай сыйлықтарды қыздың анасы мен әкесінің достарына таратты.

Балалар үшін де бәрі қарастырылған: ортаға әдемі жылтыр қағазға оралған табақтар шығарылып, олар таратыла бастады. Бірінде кілең тәтті кәмпит-шоколадтар, екіншісінде береке болсын деген ырыммен нанның түр-түрі, үшіншісінде жеміс-жидек салынған екен. Төртінші табақ айна-тарақ, моншақ, сабын секілді майда заттармен толтырылғын, оны да отырған әйелдер ырым етіп таратып алып кетті.

Осыдан соң тағы да сөз алған апай қалтасынан көптеген қораптар шығарып, келесі жораны бастады. Бұл қораптар  - қыздың анасына, әпкелеріне, жеңгесіне арналған алтын жүзік, сырғалар. Ол да құдалықтың ажырамас бөлігі болып саналады.

Кішкентай кезімде әжеммен бірге мұндай орындарға көп барушы едім, бірақ нақты не болатынын ұмытып қалған екенмін. Енді бәрі бітті-ау деп ойлағанымша болған жоқ, ортаға ҚЫЗ ЖАҒЫНЫҢ үлкен әйел тұлғасы шығып, жоғарыда айтылған салттың бәрін сол алгоритм бойынша қайталап шықты. Енді жігіттің туыстары шапан, костюм, мата мен алтындарға оранып калды.

Құдалық салты ары қарай би, ән, дастарханмен жалғасады. Әдетте сол күні немесе ертеңіне той болады. Астананың 100-150 адамдық тойына үйреніп қалған мен үшін мейрамханадағы 500 адамға арнап жасалған үстелдер өте қызық болды. Ең қызығы сол үстелдің бәрі қонақтарға толғанда басталды.

Жалпы қазақ тойларының көп айырмашылығы жоқ, әдемі тілді асаба, ұзақ тосттар, би, "Қызыл өрік". Бірақ оңтүстіктің тойларының бір жақсы емес ерекшелігі - жинақылықтың болмауы. 500 адам бір кісідей болып асабаны тыңдай алмайды десек те, үлкен ас - бесбармақ берілісімен, төрдегі ең құрметті екі-үш столдың орындарынан тұрып, бастарын изеп, шығып кететіні өте орынсыз. Тойдың басталуы осы үш столдың кешігуіне байланысты 1-2 сағатқа шегерілсе, аяқталуы да солардың кетуіне байланысты жақындай түседі.

Той барысында сыйлықтар тек конверт түрінде тост берілісімен сөз алған қонақтардың жанына келіп тұратын той иелерінің қолына беріледі.

Ескерте кететін бір жайт - оңтүстіктің мейрамханалары көбіне қыстың суығына емес, жаздың ыстығына ыңғайланып салынған, сондықтан әлгі менің танысым секілді желтоқсан айында той жасай қалсаңыз, қонақтардың жартысы сырт киімімен отыратыны күмәнсіз.

Жалпы көргендерімді сипаттап біткен сияқтымын. Бірақ сіздерді қызықтыратын екі сұрақ әлі жауапсыз. Қалыңмал? Ия! Міндетті түрде. Бәрінен бұрын болатын құда түсу рәсімі кезінде қыздың ата-анасына қалыңмал беріледі және бұл келіннің құны емес, қазақтың салты! Оған әдетте басқа өңір адамдары сұрап жататындай, қыздың білімі, жұмысы немесе көркінің қатысы жоқ. Қалыңмалдың құны тікелей жігіттің отбасының жағдайына байланысты. Аталған тойда күйеу жігіт қалыңдығына 700 000 теңге берген екен.

Келесі сұрақ бойынша: жоқ, ешкім ешқашан таңғы 6-да тұрып, аула сыпырмайды. Отбасының ритміне байланысты оянып, дәл солай ұйқыға жатады. Келіннің аз ғана ертерек тұрып, жанұясына шай дайындауы кез-келген қыздың өз үйінде де атқарып жүрген қызметімен бірдей деп ойлаймын.

Жалпы бізде осылай. Аталған салт-жоралардан соң "қарсы құдалық" (енді жігіт жағының қыз отбасында қонақ болуы), "киім беру" (қыз анасы, жеңгелерінің келінге арнап алынған қысқы-жазғы жаңа киімдерді алып келуі), "төсек апару" (қыз әулетінің жас отбасына сыйлық ретінде төсек-көрпе, тұрмыстық техника мен жиһаз сыйлауы) және "есік ашу" (балалы болған қыздың өз үйіне қонаққа баруы) секілді тойлар бар. Олар үйлену тойы секілді 500 адамды қамтымаса да, 150-200 адамға арналады. Онымен қоса, шілдехана, бесік той, тағы басқа бүкіл республикаға белгілі салттар міндетті түрде сақталады.

Той тақырыбы тартысқа толы. Әр өңірдің емес, әр отбасының өзі бір жаңа салт қосып отырады. Бәрін ортаға салайық. Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге әзірмін )))

P. S.: Келін үйінде орамал тағады, сәлем салады )))

zhanarkonys
30 декабря 2013, 12:39
1958

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38642
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 10293
  • 165
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
вчера / 16:23
  • 2128
  • 41
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 1975
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1815
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1657
  • 1