место в рейтинге
  • 140421
  • 822
  • 25
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Эзотерика мен Заманауи қазақы софылық

Қазақы софылық пен Эзотерика жайында.

Ля и ля хи ил-Алла, Мухаммед расул иншалла ,- деп бастайық, сопылық деген тақырыпты, жаратқан Алла мен Мухаммед пайғамбарға бас ие отырып, өзге де әулие- әнбилерге тағзым қылып, бұл сенімді бізге берген Мұса пайғамбарға, Дамытқан Иса пайғамбарға, Жалғыз жаратқан үшін өз баласын құрбандыққа шалуға даяр болған, Құрбан айт мерекесінде атын атап өтетін - Ибрахим пайғамбарларға зор алғысымызды білдіре отырып сөз бастауға рұқсат сұраймыз. Муһхамедтей соңғы пайғамбардың өзі сенген пайғамбарлар болғандықтан оларды атап өтпеске болмайды. Одан басқа Қазақ деген халықтың аруақтары мен бұл фәни дүниеде бізді қолдап қорғап жүрген Түркістандық ұстазымыз Ахмет қожа Яссауиге басымызды иеміз.

1. Сопылық туралы

Сопылық дегенді әр адам өзінше түсінеді, әрбір елдің салты да басқа, бір елдің түсінігі мен басқа елдің пайымдауы әр түрлі болып келеді. Діннің өзі әр елге келгенде сол елдің ежелгі дәстүр –салтына байланысты өзгеріп отырады, басқалай болуы мүмкін емес, себебі, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр өз белгісін халықтың сана-сезіміне енгізбей қоймайды. Көптеген араб елдерінде, парсылықтарда көнеден келе жатқан сопылық ағымдар бар, олардың өз мектептері мен, өздерінше тәлім беру тағылымы мен талібтік тәртіптері де өзгешелеу, біздің ұғымыздан бөлектеу. Үнді-Пәкістан муршидтері де өз мектептерінің муалим мен мауляндік ұғымдарын үнділік үрдістер мен айналасын қоршаған ортаға бейімдеген.

Бізге жақындау деген түрік сопылығы да, кей жерлерінде біздің қазақи түсінігімізге жақындасқанымен, суықтау тартары анық.

Қай діни ағым болсын, ол сол ортаға бейімделіп, халыққа жақындау болса ғана көктемде жер нәрленген кезде себілген тұқым секілденіп, тамырланып, өсіп-өніп кете алады. Ортаға бейімделе алмаған болса, түсініксіз құбыжық ретінде қабылданып, жұрттың көбісі теріс айналады.

2.Қазіргі замандағы сопылар мен эзотерикалық айнала.

Қазіргі біздің заманымызға келіп жатқан сопылық танымдар қайдан келіп жатыр деген сұраққа жауап іздесек, негізгі екі бағыттағы танымдар мен түсініктер тобына жатқызуға болатынына көз жеткіземіз. Біріншісі, мұсылмандықты қатты ұстанатын Ауғаныстан, Иран секілді елдерден келіп жатқан қандастарымыз арқылы қазақ еліне таралып жатыр.

Ал екінші ретте, сол сопылық танымды одан басқа орыс тілдестерге, эзотерикалық мектептердің де көмегімен таратылып жатыр десек артық кетпеген болар едік.

Бірінші жолды ұстанатын, таза сопылық мектептерден келіп жатқан Иран, Ауғаныстандық қандастарымыз қалалық қазақи ортаға сіңіп кете алмаса да, ықпалды діни ағымға айналып бара жатқаны сөзсіз. Оны діни басшылықтар да мойындауға мәжбүр, сол себепті, таза қазақи ауылдарда кеңінен қанат жайып кетуі де әбден мүмкін. Өмірдің қиыншылығынан қатты таррыққан жандар үшін, ол бірден-бір тыныс ала алатын, жарық түсер терезе секілді көрінуі мүмкін. Басқа барар жер, көмек алар адам таппағаннан кейін діни ағымның ықпалына ден қойып кетушілер көптен-көп ақ кездесуде, соңғы егемендік алғалы бері.

Ал, екінші жолмен келген ағымға түсушілер, көбіне іздену арқылы, әртүрлі эзотерикалық мектептердің кітаптарын оқу арқылы, салыстыра келе өздеріне жақын деп тауып ден қойып кеткендер. Қазақстанда қәзіргі таңда дүние жүзінде кездесетін барлық діни ағымның білімдері кедергісіз сатыла беруі көптеген жанның рухани сауатын ашуда көп көмек бергені сөзсіз. Адам баласы таңдай алуы керек, көптеген рухани дамуға, өркендеп өсуге арналған кітаптарды оқи келе, өзіңе жақын деген, жаныңа рахат әкеліп жадырата алатын жайлы жағаға келіп зәкір сала алатындығың, жаныңды жадыратады, қуантады.

Көптеген қазақтың қара көздері басқа діни ағымдармен ағып кете барғаны да содан шығар. Рейки, Алес мектебі, Кришнаиттер, Дианетика мен Хабард мектептері бұның бәрін тізіп айта берсем, бір кітап бетін толық алып кетуге де болады.

Өзге тілдестермен басқа ағымға кете берулеріміздің себебі не деп өздеріңізге сұрақ қойсаңыздар, қандай жауап ала алар едіңіздер?

Ойланып көрдіңіздер ме?

Ең бірінші болып, салыстыру арқылы көруге болатын жайттарға тоқталалық. Қай рухани даму мектебі болмасын өздерін Космоспен, Ғарышпен байланысымыз бар дегенді желеу етіп алға тартады.

Космостық энергия, ғарыштағы пайғамбарлар иерархиясымен үзбей байланысып тұрамыз деген ұғымды алға тартып, оқыған көзі ашық деген азаматтарды өз ұйымдарына кіргізуге бар күш-жігерлерін жұмсайды. Оқыған азаматтар мен азаматшалардың қалталары ақшаға сықи толмаса да, өз білімдерін жетілдіруге төлей алатын қабілеттері бар, бірі ынталанғаннан кейін, бірінің артынан бірін шақырып қызықтырып әкете барады. Жаңа заман талабына сай, кештер өткізіп, жан-дүниеге қатысты сұрақтарға жауап бере алатын ұстаздар жылы қабақпен күлімдеп қарсы алып, неше түрлі проблемалы өзіңе қатысты сұрақтарға жауап бере алатын болғандықтан, ондай ұйымдардың әлі де болашағы зор деуге болады.

Ал, сол өзге рухани ағымдармен мен мектептерге кетіп жатқан қазақтың оқыған жастары неге сопылық ағымды таңдамайды десек, ең біріншісі, біздегі сопылық дегеннің нөлге жақын деңгейде қалып келе жатқандығы, Советттік кезең кезінде қырып салмаса да, қатты тиым салынған болғандықтан, сопылық таным деген сол пайыздан әзер асып келе жатқандай...

Екінші себебі, дамымаған елдерден келіп жатқан сопылардың, сол елдерге тән қасиеттерді бізге өзгеріссіз ұсынуларында. Қараңғы бөлмеге қамалып, күні-түні зікір салып, не Алланың құлына, не адамның құлына бір күндері айналып кете барар болғандықтан, көзі ашық оқыған мырзалар мен бикелер бойларын ондайлардан аулақ салуға тырысып бағады. Бір жағынан ол сопылар жан-тәнімен, Аллаға берілгендіктен, қарапайым адамдарға діни фанатиктер секілді көрінеді, көңілге қорқыныш пен үрей ұялатады.

Қазақ халқы әруақытта діни фанатизм дегеннен аулақтау болғандықтан, бізге ол сопылар мен тәлібтерінің қылығы ерсілеу көрінуі де әбден мүмкін. Және ондай сопылықты Қазақстанның мұсылман қауымы да қолдамайды. Олар сол жартылай жасырын ұйым, немесе секта ретінде өмір сүре берері анық.

Негізгі себебі, біз онжылдық білімнен он екі жылдық білім алу жүйесіне ене отырып, интернет арқылы талай-талай сұрақтарға жауап таба ала алатын кезеңге келіп отырып, өз басымызды тектен-тек біреудің қолындағы допқа айналдыруымыз екі талай.

Ол тұрмақ феодализм заманында да қазақтар, мешіт тұрмақ құбыланың қай жақта екенін плюс-минус деп қана шамалап құдайға құлшылық ете салатын болғандықтан, біздің қазіргі дамыған елдер қатарына қосылуға ұмтылған шақта, көз жұмып бас иетін, соқыр сопылық қатары тым өсіп кетеді деу ағаттық болар еді.

Ал, екінші тұрғыдағы, қазіргі заман талабына сай, сопылық мектептердің неліктен дамып, басқа рухани ағымдармен таласып, көтеріліп кете алмауының себебі, мықты ұстаз - мұғалімдердің жоқтығы. Жаңа заман талабына сай сұрақтарға жауап бере алатын, психолог, философ, маркетолог, инженер, экономист мамандықтарының бәрінен хабардар, сол саладағы берілген сұрақтарға жауап бере алатын, қәзіргі өмірдің бүге-шігесіне дейін тәптіштеп қазбаланып, ізденіп жауап тауып бере алар жолбасшылардың жоқтығында.

Ия, кішкене-кішкене сопылық секталар бар, зікір салу мен өзгеден оқыған білімдерімен ғана бөлісіп, арыға бара алмайтын орташалау болғандықтарынан кейін жұрт ондай сопылықтан көрі, Хабардтың Дианетикасын, немесе Жапонның Рейки мектептерін жанына жақын тартып, сондай ұйымдардан рухани сусын алуға тырысады. Себебі, ол мектептер күнделікті өмірден ғана емес, астрология, психология, маркетология, адам арасындағы бүгінгі кейіпте кездесетін қарым-қатынастарды зерттеп, оған қоса болашақты да зертеумен шұғылданып адам баласын қызықтырып кете алады.

Ал, қазіргі біздің заманға сай сопылық ағымның қажеттілігін осыдан көруге болады. Егер де біз осы соңғы бес-он жылда басқа ағымға кетіп жатқан қандастарымызды тоқтата алмасақ, немесе, соқыр сопылық дегенге құрық сала алмасақ, кейін бармақ шайнап қалуымыз әбден мүмкін.

Қазақы сопылық дегенді қалай түсіну керек?

Біріншіден, 20-шы ғасырдың басында шейіт болып кеткен Инаят Хан атты Үнді-Пәкістандық сопының тәлімдеріне құлақ салар болсаңыз, сол ұстаздың сол кездегі өмірді сол жергілікті әр жағдаймен байланыстырып, кез келген сұраққа ақылға қонымды жауаппен жалғастырып отырғанын көреміз. Осындай сопылықты талай биіктерге көтерген ұстаздар арқасында, ол кісінің кітаптарын әлі күнге жұрт қызыға оқиды.

Қазақы сопылықтың да алға қойған мақсаты болуы тиіс, қәзіргі жиырма бірінші ғасыр талабына сай болуы керек. Космос, астрология, экономика саласы болсын, жауап іздеп, сұраққа жауап бере алуы заманына сай сопылықтың міндеті болуы тиіс. Ғарыш астрологияның негізін қалаушылар осы сопылық танымды ұстанған араб елінен шыққан ғұламалар емес пе еді.

Қазақи сопылық қәзіргі заман ритмінен жаңылмай, дөп басып отырса ғана қызығушылар көбейіп, өзге ұлтардан шыққан рухани ағымдармен қарсыласып, конкурентцияға төтеп бере алады. Бұл діни ағымды орыс тілінде де, қазақ тілінде де насихаттап отыру ұлағатты іс болар еді.

Діни басшылықтан сопылыққа қарсылықты доғару керек, шектеулер қойылу керек те шығар, тек, тыйиым салуға болмайды, Сопылық Мұсылман дінінің көмекшісі ретінде қабылдануы тиіс, дүние өзгеруімен байланысты, адамдардың да дүниеге деген көзқарасы өзгеріп отырады. Тек Дүниені мұсылмандық тұрғыда зерттей алатын, рухани байлықты жаңа исламдық көзқараспен қамти алатын жаңа ағымдарға келген азаматтар ғана, біздің адамдарымыздың өзге діни секталар мен эзотерикалық мектептерге жаппай қашып кетуінен құтқарып қала алады. Ал егер сопылық жат пиғыл деп, одан ары тия берілсе, ойлай алар қабілеті бар азаматтардың дені басқа дінге безіп кетеді.

3.Медитация мен зікір. Сопылық болашағы.

Софы, немесе, сопы дегенді әр адам әр түрлі түсінуге тырысады.

Сопыдай сопиған, солпиған, мүсәпір бейнесінде көреді көптеген жұрт.

Қаңғырып жүрген кезбелерге де теңейді, кезбе, диуана бейнесінде көзге елестетеді көптеген жұрт, Шәкен Аймановтың Алдар-Көсе фильміндегі кезбе-диуананың бейнесі сопылар дегенде, бірінші болып келетін шығар, көптеген адамдардың көз алдына. Қазақтың аяулы артистерінің бірі Елекеңнің сомдаған кезбе-сопы бейнесі, адамдарды күлдіріп те, күңірентіп, ойландырып толғандырары да рас емес пе.

Байғұс, кезбе, диуана, шындық іздеп жалаңаяқ жер шарлап жүрген жан.

Қазақ даласында сопы дегенді сол Елекең бейнелеп кеткен кезбеден басқаша болды деп айту да қиын шығар. Моласындай сопының,- деп айдалада қалған жалғыз молаларды да мысалға келтіруге болады. Бұл қазақ даласына сіңген кезбе-сопылық бейнесі, шамандық пен бақсылық, тәуіп-балгерлікті араластыра пайдаланған кезбе жандардың бейнесі.

Басқаша, сопылық дегенді ұлы ақындардың жазған шығармаларынан байқауға болады, парсылық: Руми, Навои,Омар Хаям, қазақ ақындарынан Шәкәрімнің жазғандарынан, парсы-түрік ақындарының дені сопылық танымды ұстанғаны хақ болып шығады. Бұлэлиталық сопылылар деуге келетін жоғарғы парасатты, мемлекетпен халыққа өз сөздерін өткізе алатын ақылды, данышпан адамдардың бейнесі. Бұл топқа Түркістанда жатқан бабамыз Ахмет Яссауиды да қосуға болады. Мүмкін, сүрген өмірінде хан сарайларында күндерін өткізбесе де, аты мен атағы тірі кезінде ақ ақылдылығы мен көріпкелдігімен талай жер-тарапқа тарағаны талас тудырмайтын шығар. Әлі күнге әруағына тағзым етушілер тоқталмай ағылуда емес пе, Ахмет қожа бабамыз бен оның ұстазы бапкері Арыстан баб бабамыздың аруақтарының мықтылығының арқасында. Егер де ислам дінінде ондай ғұламалар болмаса, қазақ жерінде мәйіттері мен аруақтары болмаса қазақта сопылық болмаған деп айтуға да болар ма еді, бірақ, болғанды қалай болмаған деп айтуға болады?

Бүгінде бұл ұстаздарды әркім өз мақсатында әртүрлі себептермен пайдаланып жүр, ол да дұрыс, егер ғасырлар бойы әруағы халыққа пайдасын тигізе алса, оны неге қолданбасқа?

Мейлі, Ақжолға түсірер жалғыз жол деп, емшілік пен бақсылылық бағытта болса да, талай жан басына барып келіп, арақ пен шарап ішуін тоқтатса да, адамзат баласына пайда келтіріп жатса, бұл ағымды теріс пиғыл деп, тиып тастауға болмайды.

Бұл фәни жалғаннан әр адам баласы өз керегін алуға тырысады, оған тоқтау салуға ешкімнің хақысы жоқ, мұсылмандық тек догмалық қағиданы ұстанып жүруі тиіс деген де дұрыс емес, кей кездері. Әруақытта адам баласы, еркіндікке ұмтылып отырады, құлдық ұрып бас ұрудан көрі, Алланың ұлылығын сезінуге ұмтылған құштарлық, озық ойлы адамзаттың баласында кездесіп отыра береді.

Қатал да қатігез Орта ғасырларда ұлы ойшылдар мен ақындар сопылықты мадақтап өткендей, біздің компьютер мен космогенетикалық заманымызда да сопылық деңгейінде қоршаған ғаламды тануға деген ұмтылыс жоқ емес. Тек оған мемлекет саясаты мен діни басшылықтың қарсылығы ойлау қабілетінен арылмаған азаматтардың рухани байлық көзін басқа діни ағымдардан іздеуіне әкеліп соғып отыр.

Мысалы, қазақта медитациялық дәріс болмады деу шындыққа жанаспайды, ауылдың шетіндегі төбеге шығып, малдас құрып кешкі ауамен, батып бара жатқан күнге қарап, әңгіме-дүкен құру, ол да бір медитацияның бір бейнесі.

Зікір салу шамандық дәуірден келе жатқан қасиет, қазақтың жарымы моңғол тектес типке жататын болғандықтан, зікір салу бізден қалған деуге келетін шындық, оған да еш адамның дауы жоқ шығар.

Сопылықтың болашағы бар ма десек, әрине, бар.

Тек оның дамуы мен бағыты мемлекеттің саясатына байланысты болады. Егер сопылық қазаққа жат ұғым, бізге керек емес, исламға да керегі жоқ зиянды деп табылса, онда, әрине, орыс тіліндегі таралатын ақпарат арқылы сопылықпен танысып кете барамыз. Ойшыл азаматтарымыздың дені басқа эзотерикалық мектептерге кетіп отыра береді. Ал егер қазақи сопылықты дамытамыз десек, халыққа сопылықтың есігін ашуымыз керек, жабайы, одағай сопылықтың емес, жаңа заманға сай, өркениетті елдің белгісіндей болатын өз мектебіміздің есігін айқара ашу, бүгінгі таңның қажеттілігі.

4. Қазақы сопылық, ғарыш, немесе дала сопылығы.

Қазақы сопылық қандай қасиеттерге сай болу тиіс?

Біріншіден, біздің салт-дәстүрлеріміз аяқасты қалмауы тиіс, өзге мұсылманшылықтан ерекшелігіміз айқындалып отыруы да дұрыс болады. Ең алдымен біздің көшпенділігіміз ұмытылмауы керек, көшпенді болғандықтан біз әркез еркіндікті аңсап отырамыз, сол себепті де бізді догмалық дінге байланыстыру мімкін емес. Біз ЕРКІН де ЕРІКТІ халықпыз. Қазаққа сіңген көптеген ұлт өкілдері де еркіндікті аңсаған жандар, Айдауға қуылған декабристер мен олардың ұрпағы болсын, жер аударылған аз ұлты халықтардың өкілдері болсын, олардың бәрін қазақ деп қабылдауымыз тиіс. Сонда біз дала дәстүріне сай сопылықты қалыптастырамыз, сопылық ешуақытта мемлекеттің басты діни ағымы, немесе алған бағыты болмайды, ол тек сол мемлекетте тұратын адамдардың өзара қарым-қатынасына жылылық әкеле алады.

Мұсылман болса Мұхаммед пайғамбардың діни танымымен, Алланы тани алады;

Христиан болса, Иса пайғамбардың ілімімен, құдайды танысын;

Еврей болса, Мұса пайғамбардың айтқанымен жүріп, Алласын танысын;

Біздің бәріміз құрбандыққа баласын шалуға әзір болған Ибрахим пайғамбарды қадірлеп, қастерлейміз, бәріміз, сөз соңында: Аумин, - деп қайырамыз.

Бұтқа табынғандар болса, біз қазақтар да бұдан 700-1000 жыл бұрын бұтқа табынғанбыз, бізге ол да ерсі қасиет емес. Бұл жандар – Аумин,- демесе де- Аум – деген сөзді ауыздарына алып отырады, бұл да жер бетіндегі адам баласының бір бұтақтан тарағанын көрсетеді. Ал құдай айдап, қасиетті қазақ жеріне келіп қалғандар үшін, бұл азғана жалған фәниде бірлік керек, ортақ көзқарас таба алған жағдайда, бірлік те болады, елдік те болады.

Біздің бәрімізді ортақтастыратын, бізді қоршаған көк аспан, ғарыш, галлактика. Тылсым дүниені танып білуге деген ұмтылыс, бізді ортақтастырмай қоймайды, егер жиырмасыншы ғасырдың ең ойшыл ғұламасы Альберт Эйнштейн өмірінің соңында ислам дініне мойын бұрса, Алланың кітабінда ақиқаттың жазылғаны хақ болады. Соңғы пайғамбар Мұхаммед болғандықтан, сөзінің күштілігі де артықтау болуы мүмкін.

Сопылық тек исламға тән қасиет емес, ежелгі гректерде София, ойшылдықты айшықтаған, ежелгі ивритте де суф- деген тазалықты білдірген.

Бүгінгі таңда бізді ортақтастыратын ғарыш, кең дала,тау мен тас, көк өзен мен сарқыраған судың ағысы.

Бізді ортақтастыратын адам баласының түсі мен түріне қарамай бірегейлігі.

Біз қазақ деген елде тұратын болғандықтан, софылық, тазалық пен ұлылықты тануымыз да, осы елдің аспанымен байланысты болуы тиіс.

Қазақ елінің аспанында жұлдыздар басқа болмайды, тек ол аспанда жұлдыздардың жолы мен орны бөлекше болады, және жер басып жүрген адамдарға әсері өзгеше, қазақша болмай қоймайды. Бұл астрологиялық тұрғыдан алып қарағанда.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас қалайша болуы тиіс, әрине бұл әспектте де қазақи салт-дәстүрдің әсері болмай қоймайды. Өзгелер жылқы етін жемесе де, біз қасиетті малдың етін жеуімізді тоқтатпаймыз, бізге қарап қазы мен қартаны қазақ елін мекендеген талай жұрт жеп жүр. Бұл жергілікті менталитет пен адамдар арасындағы қатынасты психологоиялық тұрғыда түсіну мен қалыптастыруға әсер ететін жәйт.

Ритмикалық медитация, немесе зікір салу. Зікір салу дегенге үстімізге ескі-құсқы киім киіп алып, жындана секіру емес, әр халықтың өзіне тән, қасиетіне сай ритмикалық медитация қабылдауы.

Жаңа заманда зікірді тек ескі сопылық музыкамен емес, әр жанның өзіне сүйікті де, сүйкімді әуенімен қабылдауы.

Дала, күйлер мен әуендерге бай, осы байлықты пайдалана отырып, медитациялық транс күйіне де түсуге болады, өзге қоршаған айналаны ұмытып, «Құстар қайтып барады» әуенімен тебірене тербелген ғажайып күй кештіреді.

Орысша түсінетіндер үшін «Подмосковные вечера», «ой, Мороз, мороз» бахытты сәтті кешуге көмегін тигізер еді.

Жастар үшін, өздерінің сүйіп тыңдайтын, рэп, болсын, поп музыкасы болсын, бақыттың не екенін сезіндірсе болғаны, сол әуенмен зікір салуға болады.

Бірінші сөздің соңында, ең бастысы сопылық мәжбүрлеп оқыту немесе, бас идіру емес, әр адам өз еркімен, өзінің рухани қажеттілігін тану, іздегенін табу мақсатында пайдалана алатын ағым болуы тиіс.

Сопы деген киім киісте емес, сақал-шашты жалбыратқанда емес, сопы деген өз рухани байлығыңды сезініп, өз күшіңе өзің сеніп, өмірге деген құштарлықты оятып, бақытты сәттің не екенін басыңнан кешіре білуде.

Бақыт пен сәттілік, мәңгі махаббат тілеп аяқтайын, Алланың ауызға салған сөз тізбегін.

Бақытты болыңыздар, Қазақстандықтар.


Нурлан Ибрагимов NurlanBekmurat
По образованию инженер-строитель. хобби журналистика, член Союза Журналистов Казахстана. Написал книгу \\\\\\\\\\\\\\\\"Коррупцияның көлеңкесінде\\\\\\\\\\\\\\\\". Пишу стихи на русском и на казахском.
29 декабря 2013, 9:18
2057

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Нам казалось, что на Алаколе мы сможем хорошо отдохнуть, расслабиться и набраться сил на весь следующий год. Вроде, и достаточно бюджетно, и не так далеко.
RisKaS
26 июня 2017 / 18:05
  • 8283
  • 38
ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

Изначально про ЭКСПО было очень много слухов. Лишь только усаживаясь в поезд «тальго» до Астаны, мы уже были изрядно загружены этими слухами. Кто их запускал, для чего – отдельный вопрос..
openqazaqstan
27 июня 2017 / 15:45
  • 7817
  • 41
Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Нас трое: девушка и двое парней. Мы обошли 7 заведений, где продают донеры. Оценивали по 10-бальной шкале только по вкусовым качествам донера. Никто нам за рекламу не платил, бесплатными донерами не кормил!
nargiz_15
27 июня 2017 / 10:08
  • 6564
  • 15
На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

Строятся пешеходные и велосипедные дорожки, трамвайные пути "сносят", а главная традиция нашего мегаполиса - замена подземных коммуникаций и в этом году не была нарушена.
beoblod
26 июня 2017 / 17:22
  • 4242
  • 3
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 3662
  • 11
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2938
  • 45
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 3165
  • 23
Неравенство в Казахстане – доходы самых богатых граждан в 6 раз больше заработка бедных

Неравенство в Казахстане – доходы самых богатых граждан в 6 раз больше заработка бедных

Почти 46% расходов казахстанцев уходит на продукты. При этом бедные казахстанцы стали есть меньше, богатые - больше. Инфографика
ZonaKZ
25 июня 2017 / 9:06
  • 2599
  • 23
Плохой подарок ко Дню журналиста. Новости 2012 года повторно «взрывают Казнет»

Плохой подарок ко Дню журналиста. Новости 2012 года повторно «взрывают Казнет»

В последние дни целый ряд уважаемых казахстанских ресурсов перепечатали как якобы свежую новость старую статью за апрель 2012 года
openqazaqstan
вчера / 11:14
  • 2224
  • 18