ҚР Ұлттық мұрағатында «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі: өткен жол кезеңдері (1998-2013)» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті

МК РК December 27, 2013
441
0
1
0

Бұл конференция Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының 15 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылды. Қатысушылардың алдында  Қазақстан Республикасы Президенті...

Бұл конференция Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының 15 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылды.

Қатысушылардың алдында  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі Мирболат Жақыпов сөз сөйледі. Ол мұрағат ісіне жаңа технологияларды еңгізу мәселесіне тоқталды.

Мұрағаттар қызметкерлерін осынау айтулы күнмен Мәдениет және ақпарат министрілігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің төрағасы Болат Қалиянбеков құттықтады. Мұрағат саласында көп еткен қызметкерлерге Ақпарат және мұрағаттар комитетінің грамоталары табысталды.

Талқылау барысында көптеген сұрақтар қаралды. Атап айтқанда – мұрағат ісі мен құжатайналым саласындағы заң жобаларын іске асыру және жетілдіру, ғылыми-әдістемелік тұрғысынан  мұрағаттарды қамтамасыз ету, Ұлттық мұрағат қорын сақтау және пайдалану, электрондық мұрағат құру мәселелері сөз болды.

Конференция шеңберінде «Ең үздік ведомстволық мұрағат» атты әдістемелік жұмыстар байқауының қорытындысы шығарылды.  Оның жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Қазақстан Республикасының мұрағат ісі: өткен жол кезеңдері» құжаттық көрмесі ашылды. Көрмеге 100 астам мұрағаттар материалдары қойылып көрсетілді. Мұнымен қоса, «Трагедия казахского аула 1928-1934 гг.» құжаттар жинағының 1 томының тұсаукесері өткізілді.

Конференцияның жұмысына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, мұрағаттар мекемелерінің басшылары мен мамандары қатысты. Іс-шара соңында ұсыныстар қабылдады.

Оцените пост

1